Психологияда эмоция деп, адамның өмір сүруіне арналған ішкі және сыртқы жағдаяттарды бағалауды және тұлғалық маңыздылықты көрсететін, толғаныстар түрінде жүзеге асатын психикалық процестер аталады. Нәтижесінде, эмоцияның аса маңызды сипаттамасы ретінде олардың субъективтілігі алынады.
А.Н. Леонтьев эмоцияны іс-әрекет жүйесінде қарастырады. Ол былай дейді: «Эмоциялар өзіне іс-әрекетті бағындырмайды, қозғалыстың «механизмі» және нәтижесі болып табылады». Эмоцияның функциясы жайлы «эмоциялар ішкі сигналдар функциясын орындайды. Эмоция ерекшелігі, олар мотивтер арасындағы қатынасты бейнелейді». А.Н. Леонтьев мынандай құнды пікірді алға тартады: «мотивтер сезілмеген уақытта да олар өздерінің психикалық бейнеленуін ерекше формада – әрекеттің эмоционалды бояуы формасында табады».

ЭМОЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРІНІСІНЕ КЕЛЕСІЛЕРДІ ЖАТҚЫЗУҒА БОЛАДЫ:
-жест (сөйлеу кезінде қолды қозғалту);
-мимика (бет бұлшық еттерінің қозғалуы);
-пантомимика (барлық дененің қозғалуы);
-тілдің эмоционалды компоненттері (дауысқаттылығы, тембр, сөйлеу кезіндегіинтонация );
-вегетативті өзгерулер (бетінің қызаруы, түссіздену,терлеу).
Эмоциялардың пайда болуы мен ағымы мидың әртүрлі модуляциялық жүйелерінің қызметімен тығыз байланысты. Бұл жағдайда лимбиялық жүйе үлкен рөл атқарады. Дж Папец бойынша таламусқа түсетін кез келген афферентация үш ағымға бөлінеді: қозғалыстар, ойлар және сезімдер.