Олардың бір тобы – жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұл адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мысалы: қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық және т.б.
Эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар – белсенді әрекетке азды-көпті нұқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену жатады.
Шамадан тыс күшті тітіркендіштер адамды көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс («стресс» - ағл., қаз. «шамадан тыс зорлану» деген мағ.біл.) – деген терминмен белгіленеді.