Эйфория дегеніміз көңілді, жылжымалы, сөйлегіш, күлкілі патологиялық көтеріңкі күй. Мұндай жағдай ішімдік не есірткіден масайғанда, токсиманиялық заттарды (дәрілерді, тұрмыстағы химиялық заттарды, бензинді, толоуолды және т.б.) қолданғанда, ауыр соматикалық (мидың ісігі, мерез ауруы) және психикалық ауру кезінде болады.
Депрессия дегеніміззарығу, мазасыздану, абыржу, қорқу сияқты сезімдер ере жүретін патологиялық түрде көңілдің төмендеуі. Депрессияның ауыр түрінде суицидтік (өмір сүргісі келмейтін) ойлар мен әрекеттер болады.
Дисфория дегенімізкөңілдің зарығуы мен ызалануы. Мұндай жағдай цеебральды атеросклерозда, мидың зақымдануында, эпилепсияда болады.
Апатия (селқостық, енжарлық) сезімдердің жоғалуы, психикалық ауыр зақымдануы. Мұндай жағдай шизофренияда болады.
Ынжықтықэмоциялардың жылдам ауысуы. Қалыпты жағдайларда балаларда, қартайған адамдарда церебралды атеросклероз кезінде болады.
Патологиялық аффект өзінің әрекетімен айналаға қауіпті, сананың терең тұңжырауы. Осы өзгерісті анықтаудың сот-психиатрдың тәжірибеде маңызы зор.
Желікпе-сарыуайымшыл психозды дербес ауру ретінде Крепелин 1896 жылы анықтаған болатын. Бұл аурудың бітімдік ерекшеліктері тұрғысында мыналар байқалады: желікпе-сарыуайымшыл психоздың мезі қылатын талмалары көбіне үнемі жоғары көңіл-күймен ерекшеленетін немесе көңіл-күйдің ауытқуына бейімділік айқын білінетін жандарда жиі пайда болады.
Еріктің бұзылуының жалпы ұғымдары: гипобулия, гипербулия, абулия, негативизм, клептомания, мутизм Депрессияда, ақылы кеміс және әлсіреген ауруларда жігерлік пен белсенділік төмендеп не жойылып гипобулия мен абулия пайда болады. Балалар тәжірибесінде инфантилизм және онымен байланысты тәртіп бұзылғанда эмоциональдық жігер кемеліне толмайды.
Абулия-еріктің жоғалуы, ештеңе істегісі келмейтін патологиялық жағдай.
Гипобулия-еріктің төмендеуі, бір іспен айналысуға талапсыздық, ынтасыздық, ештеңе істегісі келмейтін психикалық жағдай.