Эмоциялардың бузылуы туралы жалпы ақпарат: селқостық, эйфория, дисфория, депрессия және желікпе


Медициналық қызметкерлердің эмоционалдық және ерік үрдістері бұзылған науқастарға байланысты қолданылатын жұмыс тәсілі



бет4/4
Дата06.02.2022
өлшемі20,63 Kb.
#81951
1   2   3   4
Байланысты:
4. Эмоц.және ерік сфераларының бұзылуы

Медициналық қызметкерлердің эмоционалдық және ерік үрдістері бұзылған науқастарға байланысты қолданылатын жұмыс тәсілі.
Медицина қызметкерлері науқастың көңіл-күйіне көп назар аударуы керек, өйткені көңіл-күйдің өзгеруі диагностикалық қателіктерге, асқынуларға, суицидке дейін алып келуі мүмкін. Эмоциялар әртүрлі ауруларға себеп болуы мүмкін және керісінше әртүрлі аурулар адам көңіл-күйінің өзгеруіне себепші болады.
Науқасты пайда болатын бұзылулар науқастың еркіне тікелей байланысты. Ерік төмен болған науқастардаауру пассивтікке, апатияға немесе созылмалы депрессияға алып келеді.
Науқаспен дұрыс қарым-қатынас жасау үшін ауру концепциясын, ауруды уайымдау масштабы ұғымдарын дұрыс білу керек.
Ауру концепциясы дегеніміз-ауруды жан-жағынан түсіндіретін, патологияның даму механизмдерін, клиникалық белгілерін, ауру үшін маңызын, болжамын, емдеу түрлерін түсіндіретін теория.
Дәрігердің ауру концепциясы клиникалық зерттеу, тексеру нәтижелеріне, медицина тәжірибесіне сүйенеді. Науқастың ауру концепциясы болса ауруды дұрыс түйсіктемейді, сондықтан дәрігер науқастың концепциясын дұрыстауға, өзгертуге тырысуы керек. Әр адам өз ауруын әртүрлі уайымдайды. Кейбіреулерінде немқұрайлылық, эйфория байқалады, басқаларда уайым, қорқу, қобалжу сезімдері байқалады. Науқастың өз ауруына болған реакциялар жиынтығы ауруды уайымдау масштабы деп айтылады. Науқаста әртүрлі реакциялардың алдын алу, өз ауруына деген ой-пікірлерін өзгерту емделуге көмек көрсетеді, сондықтан бұл медицина қызметкерлерінің міндеті болып саналады. Науқасқа осындай әсер ету ауруды уайымдау масштабының коррекциясы деп айтылады. Науқасты емдеуде емдеу мақсаты және оның перспективаларының маңызы үлкен. Науқастың алдына бір мақсат қою үшін көптеген психологиялық факторларды, науқастың тұлғалық ерекшеліктерін, оның еркін есепке алу керек. Емделу процесінде жазылуға аз қалған науқастардың әсерінің де маңызы үлкен. Кейбір жағдайларда дәрігер науқаспен ауру кезінде уақытша болуы мүмкін болған асқынулар, жағымсыз реакциялар туралы әңгімелесуі керек. Осындай әңгімелер науқасты қатты қорқудан, уайымдаудан, қобалжудан сақтайды, оның тез жазылуына көмек береді.
Дәрігерлердің ауырған науқаспен көптеген күнделікті жұмысы психотерапияға жатады. Психотерапия деген сөз грек тілінен аударғанда жанды емдеу деген мағына береді. Оған ауырған адамға қайырымдылықпен қарауға арналған көптеген сұрақтар мен шаралар кіреді. Бұл жұмысқа дәрігердің диагноз туралы сөзі, ауру адамға ауруы туралы түсіндіруі, жазылған рецептті берердегі жігерлендіру сөздері жатады.
Ең алдымен жалпы психотерапияның қосымша бөлігі ретінде емдеу мекемелерінің күн тәртібін айту керек. Күн тәртібі ерекшеліктері ауру адамның психологиясымен байланысты. Олар жоғары түрдегі өкпелегіштік, еркелік пен қынжылу. Психиканың мұндай ерекшеліктері бір жағынан осы адамның ауруымен, екінші жағынан үйренген өмірінің бұзылып, ауруханаға түсуімен байланысты.
Сондықтан ауруханаларда, емханалар мен диспансерлерде ауру адамдардың психикасын сақтайтын барлық жағдайды жасау керек. Осы айтқандарға бөлмені безендіру, қызметшілердің тәртібі, ауру адамдармен қарым-қатынас жатады.
Ауру адамның көңіл-күйіне бөлмелердің қабырғаларын бояу, картинаны ілу, палаталарға гүлдерді қою, берілетін киім мен асханадан асты қабылдау жағдайы ұнамды эмоционалдық әсер етеді. Осы айтылған ұсақ-түйектің барлығы ойланып, дәрігердің қатысуымен жасалуы керек. Кейбір ауру адамдар кәдімгі сыртқы тітіркендіргіштерді қатты сезінеді (гиперестезия). Кәдімгі күн сәулесі, есік пен желдеткішті ашып-жабу, әтірлердің иісі ауру адамдарға әсер етеді.
Эмоциялар ағзаның сыртқы не ішкі реакциялар ретінде білінеді. Сыртқы реакциялардың ішінде бірінші орынға мимиканы (ымды) қою керек. Дәрігер ауру адаммен кездескенде көп нәрсені оның бет әлпетінен білінеді. Беттің мимикалық көрінісі барлық тіріге тән бұлшық еттердің жиырылуынан болады. Еттер жиырылуының жан-жақты маңызы туралы И.М.Сеченов жазды.
Осы айтылғандардың дәрігер мен ауру адамдар кездескенде мәні зор. Аурудың бет әлпетінен дәрігер көп нәрсені сезуі мүмкін. Мысалы, депрессия жағдайындағы аурудың бет-әлпеті ерекше болады. Ауру адамның беті оның ішкі дүниесінің айғағы: сондықтан «көз-көңілдің айнасы» деп тегін айтпаған, дәрігер ауру адамның бетіне, мимикасына, дене қозғалыстарына назарын аудару керек. Ауырған жерді айқын сезініп тұрған кезде ауру адамның беті қайғы-қасірет шеккенің көрсетеді.
Дәрігерлер баланың интеллектінің толу дәрежесін ғана емес, оның сезімін анықтауы керек. Психикалық дамудың кейбір түрлерінің тоқталуында эмоциялар жетілмейді.
Ауру адамның эмоциялық жағдайын анықтауда дәрігерлік тәжірибенің мәні зор. Тексеру кезінде ауырған адамның мимикасына, кейпіне, дене қимылына, сөзіне, тәртібіне көңіл аудару керек. Аурухана жағдайында медбикелер дәрігердің белгілеуін бұлжытпай орындауы керек. Егер басқаша болғанда ауру адамның жағдайы өзгеріп, көңіл-күйі төмендеп, жүйке жүйесі зақымданады.
Ауруды асыра бағалау да зиянды. Бұл жағдай күшті ауру туралы ойлар туады. Ауру адам өз ауруы туралы қалыптан тыс көп ойлап, өз жағдайын елестетіп, қиялдайды. Мұндай қайғыруды ипохондриялық дейді. Ауруға деген теріс көзқарастың төмендегідей түрлері болады:
Аггравация-аурудың белгілері мен ауру адамның шағымдарын өсіру.
Симуляция-жоқ ауруды әдейі бейнелеу.
Диссимуляция-аурудың өзін және оның белгілерін жасыру. Аггравация мен симуляция сот-психиатриялық, еңбек-дәрігерлік және әскери сараптау тәжірибесінде кездеседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет