Диплом жұмысы негізінен құрмалас сөйлемдердің эмоционалды-экспрессивті қызметіне арналғандықтан, құрмалас сөйлемдерді салалас және сабақтас түрлерін ғана алдық
Диплом жұмысы негізінен құрмалас сөйлемдердің эмоционалды-экспрессивті қызметіне арналғандықтан, құрмалас сөйлемдерді салалас және сабақтас түрлерін ғана алдық. Құрмалас сөйлемдерде жай сөйлемдерге қарағанда эмоционалдылық пен экспрессивтілік барынша айқын көрінбейді. Дегенмен құрмалас сөйлемдерде коммуникативтік мақсатқа жұмсалатындықтан сөйлеушінің эмоциясы қоса беріліп те отырады. Құрмалас сөйлемнің түрлерінің ішінде сабақтастан гөрі салалас құрмаласта эмоционалдылық пн экспрессивтілік нақтырақ көрінеді. Салалас құрмаластың екі түрі:іргелес салалас, жалғаулықты салалас бар. Іргелес салалас сөйлемге эксрпессивтілік тән. Мысалы, Бірақ жігіт оның ойлағанындай бұзық жігіт болмады, жігіт облыс хатшысы болып шықты. Берілген салаластың бірінші компопнентігіндегі жігіт сөзін екінші компонентте қайталай қолдану арқылы сөйлемге ерекше мән беріліп, экспрессивтілігі арта түскен. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем семантикалық-грамматикалық тұрғыдан біренше топқа жіктеледі: мезгілдес салалас сөйлем, себептес салалас сөйлем, қарсылықты салалас сөйлем, талғаулы салалас сөйлем, кезектес салалас сөйлем. Мезгілдес салалас сөйлемдер құрамына енетін жай сөйлемдер бір-бірімен да, да әрі, және жалғаулықтары арқылы құрмаласады. Мезгілдес салалас сөйлемдер құрамында да жалғаулығын қайталап айту арқылы іс-әрекеттің үдей, өсе, күшейе түскені көрінеді. Мысалы: Одан арғыны Игілік айтқан да Қайталанып қолданылған да жалғаулығы екі компонентті құрмаластыру қызметін атқарумен бірге тіркесіп айтылған сөзінің мәнін арттыру, оған ой екпінін түсіре, күшейте, өзгеден ерекше бөле айту үшін де қолданылады. Мысалы: Дәл шындықтан шет жатқан елдің әңгімеге құмарлығы да көп, шала ұғарлығы да көп. Құрмалас сөйлем жасаудың екінші негізгі тәсілі – жай сөйлемдерді бір-бірімен сабақтастыра байланыстыру. Сабақтас сөйлем деп компоненттері өзара тең болмай бір-біріне бағына, бірін-бірі бағындыра байланысатын құрмалас сөйлемді айтамыз. Бағынушы компонент мейлінше тиянақсыз болады, сондықтан ол жеке айтылмайды, айтыла қалған күнде де өз бетінше тұрып сөйлем бола алмайды. Ал бағындырушы компонент бағыныңқы сөйлемсіз де өз алдына сөйлем болып айтыла алады. Мақсат бағыныңқы сабақта сөйлемде деп етістігі көмегімен екі сөйлем қатысады, оның бірі экспрессивті мағынаны білдіреді, ал екінші компонент өзіне сөйлеушінің бағасын алады. Мысалы: