Емтихан билеті №1 Фармацевтикалық талдаудың жалпы принциптерін сипаттаңыз


Құрамында 95 % метаны бар табиғи газдан 300 л (қ.ж.) ацетилен алынған болса (шығымы - 60 %), жұмсалған табиғи газдың көлемін есептеңіз



бет12/40
Дата23.09.2022
өлшемі1,47 Mb.
#150518
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Байланысты:
Хидирбаева Ж

Құрамында 95 % метаны бар табиғи газдан 300 л (қ.ж.) ацетилен алынған болса (шығымы - 60 %), жұмсалған табиғи газдың көлемін есептеңіз.

емтихан билеті № 9
Физикалық әдістер: рефрактометрия, поляриметрия талдау әдістеріне сипаттама беріңіз.
Химия саласындағы мамандардың қолданып жүрген физикалық
әдістердің ішінде колориметрия, фотоэлектроколориметрия, атомдық
эмиссиялық спектрлік талдау әдісі, ультракүлгін және инфрақызыл,
ядролық магниттік резонанс, электрондық парамагниттік резонанс,
масс-спектроскопия, рефрактометрия және тағы басқа талдаудың
физикалық спектрлік әдістері маңызды орын алады. Спектрлік әдістер
қосылыстың молекулалық құрылымдары туралы мағлұмат алуға
мүмкіндік береді. Сонымен қатар аспаптық талдау әдістерінің көлемдік
әдістерге қарағанда басты айырмашылығы бар – өте аз мөлшердегі
қоспаны анықтай алады. Талдаудың физикалық әдістерінде жұмысты жүргізу барысында арнайыжабдықталған құралдарды немесе қондырғыларды (колориметрлерді,фотоэлектроколориметрлерді, спектрографтарды) қолданады. Аспап ретіндеталдаудың негізгі сатыларын орындау үшін және оның нәтижелерін тіркеу үшін әртүрлі аналитикалық аспаптар қолданылады. ИЮПАК анықтамасы бойынша аспап дегеніміз – заттың сапалық қалпы туралы мәліметтерді бақылауға, өлшеуге немесе хабарлауға арналған, адамның жұмысын алмастыра алатын қондырғы. Аспаптық әдістерде қондырғылардың көмегімен тіркеліне алатын заттардың физикалық және физикалық-химиялық қасиеттері пайдаланылады. Талдаудың сезімталдығы және тіркеуші жабдықтардың дәлдігі субъективтік әдістерге қарағанда бұл жағдайда анағұрлым жоғары бола алады. Көптеген заттардың физикалық-химиялық қасиеттерінің арнайы болуына байланысты талдаудың талдамалылығы жоғары болады. Аспаптық әдістер көптеген талдаулар кезінде автоматтық түрде орындалады. Рефрактометрия.(латынша Refractus — сынған және ...метрия) — оптикалық сәуле шығару спектрінің әр түрлі телімдерінде қатты, сұйық және газ тәрізді орталардың сыну көрсеткішін (n) өлшеудің әдістері мен құралдарына арналған оптикалық техниканың бөлімі.
Рефрактометрияның негізгі әдістері:
1. екі ортаның шекарасы арқылы өткен жарықтың сыну бұрышын тікелей өлшеу әдістері;
2. жарықтың толық іштей шағылу құбылысына негізделген әдістер;
3. интерференциялық әдістер . Рефрактометрия заттың құрамы мен құрылымын анықтауүшін физикалық химияда, сондай-ақ химия, фармацевтика, тамақ, т.б. өнеркәсіп салаларында әр түрлі өнімдердің сапасы мен құрамын бақылау үшін кеңінен қолданылады. Рефрактометрия әдістері аэро- және гидродинамикалық зерттеулерде қатты үлгілер мен сұйықтықтардың әртектілігін тексеру үшін пайдаланылады. Рефрактометрия оптикалық өнеркәсіпте ерекше рөл атқарады, өйткені n мен шынының және т.б. оптик.материалдардың дисперсиясы олардың маңызды сипаттамалары болып табылады.
Рефрактометриялық талдау әдісі(рефрактометрия) жарықтың сынукөрсеткішінің жүйенің құрамына
тәуелділігіне негізделген. Бұл тәуелділік ерітінділердің стандартты қатары үшін сыну көрсеткішін анықтау арқылы белгіленеді. Тәжірибелік мәліметтерге сәйкес «сыну көрсеткіші – қоспа құрамы» тәуелділігінің калибрлеу графигі құрылады, содан кейін сызбаға және талданатын ерітіндінің өлшенген сыну көрсеткішіне сәйкес ондағы заттыңқұрамы анықталады.Рефрактометрия Рефрактометрия әдісі ерітінділердің екілік, үштік және әртүрлі күрделі жүйелерін сандық талдау үшін қолданылады. Екілік жүйелерге мысал ретінде спирттердің, қанттардың,глицериннің, қышқылдардың, негіздердің, тұздардың және т.б. судағы ерітінділерін келтіруге болады.Рефрактометриялық талдаудың артықшылығы - анықтаудың қарапайымдылығы менжылдамдығы, талдаудың жоғары дәлдігі (пайыздың жүзден бір бөлігіне дейін). Әдіс әртүрлі күрделі жүйелерді талдау үшін қолданылады: жанар жағармай материалдары,биологиялық және азық-түлік өнімдері, препараттар және т.б.
Рефрактометрия негізінен сандық талдау үшін қолданылады, бірақ ол сапалы талдау үшін де қолданылады, өйткені сыну көрсеткіші заттың жеке сипаттамасы болып табылады.
Зерттелетін жүйеде қоспалардың болуы оның мәніне әсер етеді, сондықтан заттың
тазалық дәрежесін анықтау үшін сыну көрсеткішін анықтау қолданылады. Заттардың
рефрактометриялық идентификациясы сыну мәндерін және олардың физикалық
сипаттамаларын (тығыздығы, қайнау температурасы және т.б.) анықтау арқылы жүзеге асырылады.рефрактометрия Жалпы кез- келген рефрактометрдің негізгі бөлігі екі
призма болып табылады, олардың арасында талданатын сұйықтықтың қабаты орналастырылған.Жарық шоғы бірінші призмадан өтеді, содан кейін
зерттелетін сұйықтықтың қабатында сыну арқылы
екінші призманың бетінен толық ішкі шағылудан
өтеді. Толық ішкі шағылу аймағын шектейтін сызық
жарық пен көлеңке шекарасын білдіреді және аспаптың окуляры арқылы байқалады. Поляриметриялық – жарықтың оптикалық белсенді заттармен поляризация
жазықтығының айналу бұрышын өлшеуге негізделдген. Поляриметрия әдісі туралыжалпы түсінік.Поляризациялау жазықтығын айналдыру құбылысын Д.Арго 1811 ж кристалды кварцты,
ал Ж.Био (1815) ерітіндіні зерттеу кезінде ашқан. Кейбір заттардың сол зат арқылы
таралған жарықтың поляризация жазықтығын бұратын қасиеті бар. Мұндай заттарды оптикалық белсенді заттар деп, ал осы құбылысқа сүйеніп олардың концентрациясын анықтау әдісін поляриметрия әдісі деп атайды. Бұл әдіс медициналық диагностикада (ақуыз, қан сарысуы және т.б. заттардың оптикалық белсенділігін), клиникалық тәжірибеде фармациялық талдауда (дәрілік ерітінділердің тазалығын және олардың оптикалық белсенділігін), молекулалық биофизикада (құрылымдық өзгерістерді зерттеу) қолданылады. Поляриметрия - жарықтың поляризациялану дәрежесін және ортаның оптикалық активтілігін өлшеуге негізделген зерттеулер тәсілдері. Поляриметрия әдісі поляризацияланған жарықты зерттеуге негізделген. Поляриметрия β = (α*l*T) / 10 мұндағы β - поляризация жазыктығының айналу
бұрышы; α - поляризация жазықтығының меншікгі айналымы, ол зат
табиғатын білдіреді; l - кювета ұзындығы (түтікше), см; Т - анықталатын
заты бар ерітіндінің титрі, г/см3. Өлшенетін бұрыш аналитикалық сигнал болады. Табиғи жарық сәулесінің толқыны барлық жазықтықта болады,және оның бағыты перпендикуляр. Анализ жасаған кезде толқыны тек бір жазықтыкта поляризацияланған сәуле қажет. Ол үшін арнаулы кристалдары бар, жарық сәулесі өткен кезде поляризацияланатын қондырғыларды (поляризаторлар) орналастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет