Емтихан билеті №11 1.Ауызша тілді жазба тілге кодтау процесі Бүгінгі дәуірде әр тілде сөйлейтін адамның санасында нақты бір айтылым және естілім базасы қалыптасып келеді. Егер сөз сол базаға сәйкес келмесе, коммуникация мақсатына жетпейді. Мысалы, орыстілді адамның естілімі сөз ішіндегі бір буынның ерекше айтылуына, қазақтілді адамның естілімі сөз ішіндегі дыбыстардың үндесімділігіне, қытай, кәрістілділердің естілімі сөз тонына бағышталады. Осы естілім базасына сай келмеген сөзқолданыстар санадағы дыбыстық елеске ассоциация бермейді, сөз танылмайды: адам сөз мағынасын түсінбейді. Сол сияқты әр жазба тілдің графикалық, орфографиялық ерекшеліктеріне сай сол тілде жазатын, оқитын адамның санасында көзшалым базасы болады. Егер жазба мәтін сол базаға сәйкес келмесе, коммуникацияға кедергі келеді. Мысалы, ағылшынжазулы адамның көзшалымы сөзді сурет ретінде көруге, қытайжазулы адамның көзшалымы сөзді идеограмма ретінде көруге, ал орыс, қазақжазулы адамның көзшалымы сөзді әріп тіркесі ретінде көруге бағышталған. Егер көзшалым санадағы графикалық код-ты тітіркендіретін реакцияны байқамаса, ассоциация туғызатын форманы жазбаса, не көрмесе, жазба коммуникация жүзеге аспайды. Естілім мен көзшалым, айтылым мен жазылым – екі басқа жүйенің процестері, ауызша тіл мен жазба тілдің категориялары. Біз аузымыздан шыққан сөзді сол қалпы қағаз бетіне түсіре алмаймыз және жазылған сөзді сол қалпы ауызша түрде баяндап бере алмаймыз. Екі тілді өз адресаттарына жеткізетін коммуни-кация тәсілдері бар. Әр жүйе өз әдіс-тәсілін пайдаланып қана қарым-қатынасын жүргізе алады. Қазақ жазуында түбір морфологиялық, қосымшалардың және кейбір мағынасы көмескі қой/ғой, гөрі/көрі шылауларының және мағынасы күңгірт деп танылатын түбір сөздердің фонетикалық принциппен жазылуы ауызша тіл мен жазба тіл арасын айыруға қиындық келтірді. Мектепте тілдің дыбыстық құрамы деп әріп таңбалары, тілдің грамматикалық құрылысы деп жазу-да таңбаланатын қосымшалар түсіндірілді. Орфоэпия жазба тілдің фонетикасы толық оқытылғаннан кейін ғана 1-2 сағат көлеміне сыйдырылып түсіндірілді. Одан кейінгі уақыттың бәрінде қазақтілді адам санасында жазба тіл мен ауызша тіл арасы айқындалмай, жазба тіл бірліктері басым сипат алды. Сондықтан қалай жазылса, солай оқитын, қалай естісе, солай жазатындар көбейді.
2. Ұлттық сана және әліпби концепциясы «Әліпби» деген концептіде (когнитивтік бірлікте) әртүрлі білімдер жүйесіне жататын ақпараттар тілдік таңбалар арқылы кодқа салынған. «Әліпби» – ақиқат дүниенің үзігі. Ол жөнінде тілдік ұжымның, оның мүшелерінің санасында ақпараттар жинақтала екшеле келіп, «концепт» деп айтылатын когнитивтік құрылым арқылы білімге айналады. Кирилл, латын, араб, Орхон әліпбилері туралы тілдік ұжымның когнитивтік санасында кодқа салынған ақпарттар жинақтала келіп, білімге айналады. Ал білімнің өзі тұрмыстық деңгейдегі, энциклопедиялық деңгейдегі білім деп бөлінеді. Тілдік ұжымның санасында білім түрінде жинақталған ақпараттарды жүйелеп көрсету арқылы еліміздегі әліпби саяса-тына «жұртшылықтың қалай қарайтынын» байқауға, бағамдауға аздыкөпті мүмкіндік береді. ¤йткені мұндай білімдер жүйесі са-яси, мәдени–әлеуметтік, тілдік, психологиялық, экономикалық факторлардың қалыптасуына әсерін тигізеді. Әліпби әріптер арқылы белгілі бір тілдің мағыналық бірліктерінің дыбыстық тұрпатын белгілейді. Бұл тұрғыдан қарағанда, әліпби – таза лингвистикалық ұғым. Сонымен бірге әліпбиді белгілі бір тілдік қоғамдастықтағы таза лингвистикалық мәнділік қана емес, мәдени–тарихи ақпараттар (информа-ция) кодқа салынған концепт (кең ұғым) деуге болады. Егер әліпбиді тілдік ұжымның когнитивтік санасындағы мәдени–та-рихи, лингвистикалық ақпараттар кодқа салынған концепт деп қарасақ, ондағы кодты шамамен былайша ашуға болады: Орхон әліпбиі V – VIII ғғ. түркі қағанаты қолданған әліпбидің жазуы Орхон әліпбиінің вокализм жүйесі 8 дауыстыдан, консонантизм 16 дауыссыз дыбыстардан тұрады. Түркі қағанатында (V–VIII ғғ.) оның шығысы мен батысында солтүстігі пен оңтүстік аймақтарында Орхоннан басқа сирия жазуы, санскрит жазуы, брахми, ескі ұйғыр жазулары қолданылды. Бұлардың бәрі діни фактормен (будда, христи-ан дінімен) байланысты болды. Тек Орхон жазуы ғана, кезін-де қағанатқа кеңінен тараған. Салыстырмалы түрде айтқанда, әскери демократиялық қоғамның азаматтық сипаттағы жа-зуы болып, «маңдайы» жарқырап тұрды. Алайда діни фактор болмағандықтан, діни сенімге негізделмегендіктен бұл жазу қолданыс майданынан шығып қалды. «Әліпби» концептісімен байланысты кодқа салынған мұндай ақпараттар тек филолог, тарихшы, шығыстанушы, қоғамтанушы және делитанттардың тілдік санасында білім алу жолымен жүйеленген. Ал өзге жұртшылықтың когнитивтік санасында білім түрінде орныққан ақпараттар жеткілікті болмағандықтан, Орхон әліпбиінің мұрагері ретінде қайта жаңғыртып, қазақ әліпбиі ретінде алу ұсынысы қалың жұртшылықта қолдау таба-тыны күмәнді болып қалды. Ұсынылған жобалар жоқтың қасы, ғылымилингвистикалық тұрғыдан негіздеу, мықты дейтіндей факторларды ашып көрсету жағы олқы түсіп жатты.
3. Көп нүктенің орнына сол позицияда келуге тиіс фонеманы табыңыз: Барзун, маңа, мен, белим, кәлимиң, алтан-алтун-алтын, балта-балто-балту.-балты