Қазақстан арқары Қазақстан арқарының таралу аймағы кеңіп, саны қалпына келуде. Қазіргі уақытта Қазақстан арқарының саны 11,8 мың басқа дейін өсті. Олардың ішінде Сарыарқада, Балқашта, Қалбы Алтайында, Тарбағатайда, Маңырақ пен Сауырда таралған.
Қаратау арқары Қаратау арқарының жоғалып кету қаупі бар. Қаратау арқары 1976 жылы шамамен 150 бас болса, онда қазіргі уақытта 100-ден асуы екі талай. Оларды Сырдария Қаратауының солтүстік-батыс бөлігінен, Мыңжылқының ең биік сілемі мен оның солтүстік-батысында орналасқан жерлерден кездестіруге болады.
Тянь-Шань арқары Тянь-Шань тауы арқарының саны күрт төмендеуде. Олар негізінен теңіз деңгейінен 200-ден 4000 метр биіктікке дейінгі тегістелген таулы аймақтарда мекендейді.
Қызылқұм арқары Қызылқұм арқары Қазақстанда жоғалып кеткен жануар. Бірақ Өзбекстанда оның саны ішінара қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта бұл арқар Нұратау жотасының батыс бөлігінде және Өзбекстан аумағындағы Ақтау тауында, Орталық Қызылқұм облысында сақталған.
Үстірт арқары Саны мен таралу аймағы шектелген Үстірт арқары жоғалып кету қаупі бар жануарлар қатарында. Үстірт арқарының Қазақстанда мекен ететін жері толығымен Маңғыстау облысының аумағы.
Тоғай бұғысы Соңғы тоғай бұғысы өткен ғасырдың 50-ші жылдарының ортасында Қазақстан аумағынан толығымен жойылып кеткен. Қазақстан жерінен жойылып кеткен тоғай бұғысы 1981 жылы Іле өзенінің бойына жерсіндірілді. Қазақстанда жалпы саны – 200 бас.
Қызыл қасқыр Қызыл қасқыр Қазақстан аумағында жойылып кеткен түр. Қызыл кітапқа енген бұл жыртқыш Тянь-Шань мен Алтайдың биік жоталарында тараған. соңғы 40 жылда республика аумағында осы жануардың бірде-бір кездесуі тіркелмеген.
Қабылан Бұл түр өте сирек кездесетін жыртқыш. Қабыландар түрлі типтегі шөлдерде мекендейді.Қабылан қазіргі уақытта Қазақстан аумағында жоғалып кету шегіне жетті, мүмкін жоғалып та кетті.
Сабаншы Сабаншы таралу аймағы бойынша сирек кездесетін түр. Бұл жануардың да таралу аймағы тарылып, саны кемуде.
Шағыл мысығы Қазақстанның жануарлар әлемінде кездесетін саны аз, сирек түр. Шағыл мысығы Қазақстанда Маңғышлақ түбегінде және Үстіртте тараған. Бұл мысық Қарынжарық және Сам құмдарында өмір сүруі мүмкін.