Емтихан сұрақтары Еңбек құқығының пәні және әдісі,қағидалары, қайнар көздері


Ортақ меншік құқығының жалпы ережелері



бет20/31
Дата22.06.2020
өлшемі0,62 Mb.
#74241
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Байланысты:
Азаматтық құқық толық

Ортақ меншік құқығының жалпы ережелері

Мүлік меншік қүқығында бір немесе бірнеше адамда бола алады. Белгілі бір мүліктің меншік құқығында тиесілі бола алатын субъектілерінің (тұлғаларының) санына қарай бұл құқық бірсубъектілік және көпсубъектілік болып бөлінеді. Екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады, -делінген АК-ның 209-бабының 1-тармағында. Сонымен, заңдык мағынада ортақ меншік екі немесе одан көп тұлғаларға меншік құқығында тиесілі мүлікті білдіреді. Бұл тұлғалар АК-да ортақ меншікке қатысу-шылар, ал құқық ғылымьщда және окулық өдебиеттерде ортақтас меншік иелері деп аталады.

Көпсубъектілік ортақ меншіктін субъективтік құқығының ерекшелігін көрсетеді. Бұл ерекшелік

АК-да өзінше ортақ меншік құқығы институтын бөліп алуға әкелді (АК-ның 11-тарауы).

АК-ның ортақ нормалар ретінде көрініс табатын бірсубъектілік құқық нормалары ортақ мешиік құқығын да реттейді. Әрине, ол ортақ меншік туралы арнайы құқықтардан алшақ кетпейтін шамада реттенеді.

Ортақ меншікті АК екі түрге: үлесті меншікке және бірлескен меншікке бөледі (209-башың 2-тармағы). Үлесті меншікке мүлік меншік иелерінің әрқайсының меншік құқығындағы белгілі бір үлесімен ортақ меншікге болады, ал бірлескен меншіктегі ондай үлестер анықталмайды. Егер заң актілерінде өзгедей белгіленбеген болса, мүлікке ортақ меншік үлесті болын табылады.

Үлесті және бірлескен меншіктің қатысушылары бірінен бірі едәуір бөлек болып келеді, Үлесті меншіктің қатысушылары азаматтық құқықтың заңнамада көзделген кез келген субъектілері және олар кез келген жиытықта болуы мүмкін. Мысалы, үлесті меншіктің қатысушылары азаматтар, азаматтар мен заңды тұлғалар, заңды тұлғалар болуы мүмкін. Бірлескен меншіктің қатысушылары тек жеке тұлғалар ғана болады, олар кебіне бірімен бірі туыстық қатынаста болады.

Бірлескен меншік заң құжаттарында тікелей көзделген жағдайда ғана белгіленеді.

Ортақ бірлескен меншіктің қатысушыларының келісімімен, ал оңдай келісімге олар өзара қол жеткізе алмаған жағдайда, сот шешімімен бірлескен меншіктегі ортақ мүлікке ортақ үлесті меншік белгіленеді. Ортақ үлесті меншікті оған қатысушылардың келісімі бойынша немесе сот шешімі бойынша бірлескен меншікке айналдыру заңда көзделмеген.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет