Байланысты: Емтихан сұрақтары Философия пәнінің бағыттары мен әдістері-emirsaba.org
32. Жаңа заманның механистикалық антропологиясы Жаңа заман-бұл өркениеттің дамуы,қарыштап алға басуы,қоғамның барлық салаларындағы түбегейлі өзгерістер.Жаңа заманға сай жаңа ғылыми технологиялар, ғылыми жаңалықтар керек болды.Осыған байланысты ғалымдар өз жұмыстарын бастап кетті.Осылай адамның механикалық антропологиясы да қарастырылды.
Қазіргі заманда антропологиялық мəселелерге қатысты екі қарама-қарсы бағыт қалыптасты деп айтуға болады, олар, біріншіден: орта ғасырлық теоцентристік принциптің жаңа дəуірден бастап антропоцентристік принциппен алмаусына жəне жан-жақты сипат алуына байланысты «Антропологиялық Ренессанс» кеңге қанат жая бастаған. Екіншіден, бұл позицияға қарама-қарсы көзқарастар пайда болған.
Енді адам туралы түсініктерге назар аударатын болсақ. Мысалы, Ежелгі əлемде жекелеген адамның өзі зерттеудің дербес пəні болған жоқ. «Антропология» терминін ертедегі гректер қолданбаған. Христиандыққа дейін антикалық дəуір «тұлға» ұығымын білген жоқ. Адамның өз өзін тұтас бір тұлға ретінде қабылдау идеясын көтерген Тертуллиан болатын, ал тікелей бұл мəселені жеке өз алдына өңдеген Августин Аврелий болды. Христиандықта адам космологиялық сюжеттерден тəуелсіз өздігінен құндылыққа ие болды. Ақыл оймен жанданған, тəндік сезімнің субстанцияға ие қайталанбас жан ретіндегі адам туралы түсінік пайда болды. Христиандық адамды ғарыштық шексіздіктің билігінен құтқарды.
Ежелгі əлемнің Құдайы көбінесе адамды өзінің пайдасына жаратқандай, яғни мұнда адамды табыну мен құрбандықтар шалу үшін ажартқандай. Адамдар бұл дəуірде түкке тұрғысыз күйде. Адамнан гөрі табиғаттың сипаты таза, саналы, асқақ жəне Құдайға жақындау болды.
«Көне Өсиеттегі» мəтіндерге назар аударсақ, мұнда аспан шырақтары, жер мен өсімдіктер жансыз. Таң қаларлығы, адам мұнда құдайдың белгілі бір практикалық мақсаттары үшін құрал ретінде емес, құл да емес, мұнда ол Құдіреттің тудырған табиғатының бейнесі ретінде көрініс береді. Құдай өзінің ерекше туындысы ретіндегі адамға, оның рухани жəне физикалық күйіне қамқорлық танытады. «Жаңа Өсиеттегі» антропология православиелік діни ілімде, кейін католиктік мистика мен схоластикада, соңында протестантизмде дами түседі.
Бір уақытта діни антропологиямен қатар, адам туралы философиялық ілім де дами түседі, бұл ілім антикалық дəуірдегі Сократ пен Аристотельдің көзқарастарынан негіз алды.
Ренессанс пен Жаңа Дəуірдеге философияда жаңа өзгерістер дүниеге келді. Адам зерттеу пəні мен дербес «субъект» ретінде қоғам мен ойшылдардың назарын өзіне аудартты. Жаңа философия адамның қадір қасиеті мен шексіз мүмкіндіктерін көре бастайды. Адамның ролі мен қабілетінің дəріптелгендігі соншалықты, адамда да тəңірге тəн жаратушылық қабілеттер бар деген ойлар пайда болды. Адам өзінің ақылының күшіне, көркемдік талантына, саяси-реформаторлық мүмкіндіктеріне сенімді. Бірақ та уақыт өте келе жаңа антропологияның сырт жағы көріне бастайды. Жаңа дəуір болса адамның ақыл ойы мен адамның саналы жəне жеке адамгершілік құрылымына деген сенім білдіре бастайды.
ХХ ғасыр лаңкестік жағдайлары мен қан төгісті дүние жүзілік соғыстармен толыққан дəуірде адам мəселелі жəне құпия мəнге ие болды.
Теологтардың антропологияға деген қызығушылықтары мен діни жəне философиялық антропологияның ара қатынасы туралы пікірталастар ХХ ғасырдың 20-жж. ұлғая бастады. Бұл қызығушылықты М.Шелердің, Г. Плеснердің еңбектерінен байқауға болады. Осы философиялық антропологияның негізін салушы М.Шелердің айтуынша, адам ғарышта негізгі орталықтағы позицияны иеленеді, өйткені мұнда адам санасыз, бірақ та алпауыт əлемнен жоғары тұрады. Адамзат ақылының күшіне енді күдіктер туа бастады, бірақ та адам баласы ғарыштан өзінің рухымен, өзінің бостандығымен, айқынсыздығымен асқақтап көтеріледі. Шелердің ойынша, рух өмірге қарама-қарсы тұрады жəне одан энергия алғанымен де одан жоғары тұрады. Яғни адам өзінің өміріне аскетикалық тұрғыдан қатынас жасайды. Жануарлар шынайы болмысқа əрқашан «иə» деп бас иеді, қорықса тіпті қашып кетеді, ал адам — бұл «жоқ» деп айта алады, қарсы келе алады. Мұндағы басты мəселе, Шелердің пайымдауынша, адамның мəнін ашу керек, адам дегеніміз — кім соған жауап беру керек. Дін де, философема да осы уақытқа дейін адамның кім екендігін анықтаудың орнына, оның қайдан пайда болғандығына назар аударумен келеді. Негізінен, адамды түсінуде нақтылы-ғылыми, философиялық жəне діни ұғынуларды шоғырландырушы роль атқарып, адамның біртұтас тұжырымдамасы жасалуы керек деді. Негізгі мақсат — тіл, ұят, намыс, құрал мен аспаптар, қарулар, мемлекет, басшылық, миф, дін, ғылым сияқты ерекше монополияланған адам болмысының негізгі құрылымынан туындайтын, барлық жасалынған жəне іс-əрекеттерді дəл көрсету керек.
Осы бағытты қолдаушылар адамды көп өлшемді жəне тұрақты түрде өзгерісте болатын жан иесі деп сипаттайды. Əрине, оның негізгі кейбір қасиеттері мың жылдар бойы өзгермегенімен де, адамның физикалық жəне рухани бастауларындағы жұмбақ түрде жасырылған барлық мəнін аша алмайды, тіпті осы бастамалардың табиғаттан жеке дара алып қарастырғанның өзінде айқын анықталғандығы есептеліне алмайды. Олар адамның өзі өз-өзіне ылғи да жаңа жұмбақтар беретін белсенді басталым ретінде көрінетін сыртқы əлемді ұғынуға тырысатын оны өзінің қалауымен өзгертетін микрокосмос екендігіне баса көңіл аударды.
Сонымен қорытындыласам, адам бұл ерекше жаратылыс, әр ғалым әртүрлі ой айтады.Соған қарамастан бұл ұғым әлі күнге дейін дамып,адамның антропологиясы анықталды.Бірақ адамның сезімі, ақыл-ойы туралы пікірлер әлі күнге дейін таусылар емес