Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тақырыбы: Түркі халықтаарының мәдениеті Орындаған:Мұратбек Арайлым Тобы:ӘЖК-111 Қабылдаған:Көлеген Гүлбазар Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады. Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке және Жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымымен елді билеген қағандар "Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі түркілер үшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы Ұмайға табынған. Түркі халықтарының мәдениетінде персонификациялабаған, шексіз аспан әлемімен қатар аспан шырақтары, құтты мекен, отсуға да бас игенін білдіретін деректер кездеседі.
Тарихы бір болғандықтан болса керек, тамыры түркілерден бастау алған ұлттардың ұқсастықтары да көптеп кездеседі. Барлығы да түркі атауымен тығыз байланысты елдердің діні,ділі тіпті тілдері де ұқсас келеді. Өздерінің ұқсастықтарынан тыс, түркі халқының ұрпақтары бейбітшілігімен, мәдениетімен ерекшеленеді. Олардың байсалдылығы мен батылдылығы басқа ұлт өкілдерінен ерек әрі өзгеше.
Түркі өркениеті оңтүстік және солтүстік екі бөлікке бөлінеді.Оңтүстігін Ұйғыр,Өзбек мәдениеттері құраса,солтүстік бөлігін қазақ,қырғыз басқа да Орта Азия халықтары құрайды.Солтүстік бөлігі өркениеттің негізгі тірегі болса,оңтүстік бөлігі сол мәдениеттің жетілдірушісі болып табылды.Екі бөлінгенімен ұқсастықтар көп болды.Мысалы:тұрмыстық заттарында,аспаптарында,өмір сүру үлгісінде бірдей тұстары кездесіп жатады.Тіпті Түркі мемлекеттерінің туларында да ұқсастықтары аз емес.
Түркілер тарих сахнасында тез арада пайда болып, өз аттарын көптеген халықтарға қалдырып, ғайып болды. Тарих ойып алардай орны бар бұл халық өз билігін айналасаны мойындату үшін билік жүйесін құрып алған еді. Өз билеушісі, халқы, мәдениеті болған қағанаттың затына сай шекарасы да болды. Оның териториясы: батыстағы шекарасы VI ғасырдың аяғында Византиямен, оңтүстікте Персия және Үндістанмен, ал шығыста Қытаймен іргелес жатты.
Қорытындылай келгенде, әлем мәдениетінің, жалпы адамзат өркениетінің қалыптасуына ерекше әсер етіп, ықпал жасаған, өзіндік орны бар түркі мәдениеті жайлы көптеген мәліметке қанық болдық. Мұны түріктердің рухани мәдениеті мен Орхон-Енисей ескерткіштерінде бейнеленген Күлтегін мен Тоныкөктің қалдырған жазбаларынан-ақ көреміз. Түркі дәуірі қалыптасқаннан бері, өз алдына ерекшеленіп келе жатқан түркі мәдениетінің ғасырдан ғасырға ұласып келе жатқан ұлағаты мол дәстүрлер мен тығыз байланыстар, әсіресе мұның үміт күтер кемел келешегі бізді өте қатты таңғалдырды. Азия мен Еуропаны, Шығыс пен Батысты ұштастырған бұл мәдениет, көптеген өзге мәдениетттердің дамуына үлкен ықпал жасады. Қысқаша айтқанда сонау ежелде Қазақстан аумағын мекендеген отырықшы түркі тайпаларынан бастап түркі мәдениеті даму процесі барысында көптеген кезеңдерден өтіп, түрлі өзгерістерге ұшырады. Яғни түркі мәдениеті даму барысында түрлі сатылардан өтіп бүгінгі әлемге әйгілі өркениетке айналып отыр. Қысқаша айтқанда түркі мәдениеті жаhандық мәдениет ұғымының ажырамас ең негізгі бөлігі болып табылады.