Метаморфтық тау жыныстары (грек. metamorpho – өзгеру), метаморфизм әсерінен пайда болады. Егер метаморфизмде бастапқы тау жыныстарының химиялық құрамы өзгеріске ұшырамаса, онда қалыптасқан Метаморфтық тау жыныстарынметаморфиттер, ал өзгеріске түскендерін метасоматиттер деп атайды. Метаморфтық тау жыныстары геологиялық қалыптасу жағдайына қарай катаклаздық, жапсар-термалық, аймақтық жәнеметасоматоздық болады. метаморфизм мынадай түрлерге бөлінеді: 1) термалық (пиро) метаморфизм — яғни қызу әсерінен болатын метаморфизм. Бұл магманың ыстық лебінен болатын өзгеріс; 2) контактылық метаморфизм — магманыд айнала жапсарында, соған жанасу әсерінен болатын метаморфизм. Мұнда термалық та, қысым да, магмалық заттар әсері де бірдей болады; 3) динамометаморфизм — тау жынысы тереңге түскенде немесе тау құрылу қозғалыстарына ұшырағанда болатын қысымдық метаморфизм; 4) гидратометаморфизм — су ерітінділерінід әсерінен болатын метаморфизм. Шөгінді процестің жалпы сипаттамасын сипаттаңыз.
Шөгінді – атмосфералық бұзылу және эрозия процестерімен ыдырайтын және кейіннен желдің, судың немесе мұздың әсерінен немесе бөлшектерге әсер ететін ауырлық күшінің әсерінен тасымалданатын табиғи материал.