Шөгінді геохимиясы — геология ғылымының жаңа тармағы; шөгінді тау жыныстарының әр түрлі типтері пайда болған кезде болатын химиялық процестерді зерттейді. Геохимия пәні, геохимияның басқа ғылымдармен байланысын түсіндіріңіз.
Геохимия – жер қыртысының химиялық құрамы жайлы және химиялық элементтердің миграциясы, шашырауы және концентрациясы жайлы ғылым. Ең алғаш біздің елімізде ХХ ғасырдың басында пайда болған. Геохимияның ғылым ретінде құрылуында В.И. Вернадскийдің, А.Е.Ферсманның және В.Н.Гольдшмидтің еңбектері жетекші рольді атқарады. Геохимия ғылым ретінде геологиялық, физикалық, химиялық және математикалық циклдардың пәндерімен тығыз байланысты қажет етеді. Геохимия геологиялық ғылымдар циклінің ішінде жинақтайтын ғылым болып келеді. Себебі оның негізінде химиялық элементтердің атомы жатыр. Геохимия минералогиямен тығыс байланыста болады. Бұл ғылымдардың минералогиялық және геохимиялық процестерде ортақтығы өте көп. Бірақ сонымен қатар, жер қыртысындағы химиялық элементтердің атомын зерттейтін геохимия ғылымы зерттеу нысаны геохимия сияқты сол кеңістікте, Жер тарихының дәл сол уақытындағы атомдар молекулаларының қосылуын зерттейтін минералогиядан ғылымынан біршама өзгешеленеді. Элементтердің шығу тегін сипаттаңыз.
Геохимиялық классификацияларды атаңыз.
Элементтердің геохимикалық классификациясынВиктор Мориц Гольдшмидт ұсынған. Норвегияның атақты ғалымы, геохимияның негізін салушы В. М. Гольдшмидт барлық элементтерді, геосфераға таралуына қарай, төртке беледі:атмофилдер (атмосфералық элементтер), литофилдер (литосфералық элементтер),халькофилдер (күкіртпен қосылатын, руда қабатын құраушы элементтер),сидерофилдер (жердің ядросына жиналатын элементтер). В. М. Гольдшмидт элементтерді осылай бөлгенде атомдардың көлемі мен олардыд сыртқы электрон қабықтарының құрылысын да негізге алған. Атмофилдерге жататындар: газдар, оның ішінде инертті газдар, сутегі, азот, бұлардың көпшілігінде атом сыртындағы қабығы 8 электроннан тұрады. Литофилдерге жататын элементтер: литий, натрий, калий, магний, кальций, алюминий, кремний, оттегі т. б. Бұлардың иондары 8 электрондық қабықты болады. Халькофилдерге жататын элементтер: мыс, мырыш, қорғасын, сынап, күміс, алтын, мышьяк, қалайы, күкірт т. б. Бұлардың иондары 18 электрондық қабықты болады. Сидорофилдерге жататындар: темір, кобальт, никель, платина тобы, көміртегі т. б. Бұлардың иондарының сыртында қосымша құрылысты электрон қабықтары бар.[1]