Емтихан сұРАҚтары тізімі



бет10/11
Дата24.11.2023
өлшемі32,77 Kb.
#193281
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Гинекология

Ситуациялық есеп №26

Науқас У. дене қызуының көтерілуі, іштің төменгі бөлігіндегі және шап аймағындағы ауырсынуға, кілегейлі-іріңді сұйық, кейде жағымсыз иісті (ішек таяқшасы) бөлініске шағымданады. Эндометрийдің эпителиальды жабындысының кейбір аймақтары десквамацияланып нәтижесінде іріңдіге қанды бөлініс қосылады. Патологиялық өзгерген эндометрийдің ажырауының бұзылысы етеккір кезіндегі гиперполименорея симптомымен сипатталады. Қынап арқылы зерттегенде жұмсақ консистенциялы әлсіз ауырсынатын жатырды анықтаймыз.


1) Болжамалы диагноз қойыңыз?


2) Қажетті зерттеу тәсілдерін атаңыз.
Ситуациялық есеп №27

25 жасар Б., есімді әйел әйелдер консультациясына сыртқы жыныс жолдарынан жыныстық қатынастан кейін пайда болатын қанды бөлінділерге шағыпданып келді.


Ауру анамнезі: сыртқы жыныс жолдарынан жыныстық қатынастан кейін пайда болатын қанды бөлінділер 1 айдан бері мазалайды
Өмір анамнезі: соматикалық дені сау. Етеккірі 14 жастан , бірден тұрақталған, 4 күнде өтеді, 30 күн сайын қайталанады, ауыру сезімсіз. Соңғы етеккірі 15 кун бұрын уақытында болған. Жыныстық өмірі 23 жастан, тұрмыста. Жүктілігі-2, босану-1. Медаборт -1.
Объективтік тексеру: Ішкі мүшелер жағынан паталогиялар жоқ.
Қарауы: сыртқы жыныс мүшелерінің дамуы дұрыс. Түктену әйел типті.
АҚ: жатыр мойнында көлемі 3,0х2,0 см болатын эрозия аймағы анықталды, жанасқан кезде қан кетеді.
PV: жатыр мойны цилиндрлі пішінді, тығыз, сыртқы ернеу нүктелі,жабық. Жатырдың орналасуы дұрыс, мөлшері қалыпты, тығыз эластикалық консистенциялы, қозғалмалы, ауыру сезімсіз. Қосалқылары екі жағынанда анықталмайды, аймағы ауыру сезімсіз. Қынаптың күмбездері терең, ауыру сезімсіз.
Кеңейтілген кольпоскопия: атипиялық эпителий аймағы анықталды, Люголь ертіндісімен өңделгеннен кейін – йоднегативті реакция.
1) Болжамалы диагноз қойыңыз.
2) Дифференциалды диагностика жүргізіңіз.


Ситуациялық есеп №28

29 жасар Н., деген әйел әйелдер консультациясына профилактикалық тексеруге келді, шағымдары жоқ.
Өмір анамнезі: соматикалық дені сау, етеккірі 13 жастан , бірден тұрақталған, 3 күне өтеді, 30 күн сайын қайталанады, ауыру сезімсіз. Соңғы етеккірі 2 күн бұрын уақытында болған. Жыныстық өмірі 23 жасынан, тұрмыста. Жүктілігі-3, босану-1. Медаборт -2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет