Емтихан сұРАҚтары тізімі



бет8/11
Дата24.11.2023
өлшемі32,77 Kb.
#193281
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Гинекология

Ситуациялық есеп №17
Әйелдер кеңес үйіне 29 жасар әйел келді. Шағымы 2 жыл бойы жүктіліктің болмауы. Некеде тұрады. Тұрақты жыныстық қатынаста өмір сүреді. Етеккір циклы қалыпты. Етеккірі 13 жастан, 5 күн, ұзақтығы 30күн. Гинекологиялық және венерологиялық аурулармен ауырмаған. Аллергиялық анамнезі тыныш. Дәрігер себебін анықтау мақсатында бірнеше тексерулерге жолдама берді.
1) Овуляцияның нақты күндерін анықтаудың қарапайым тәсілін айтыңыз?
2) Репродуктивті звеноларды атаңыз?


Ситуациялық есеп №18
Гинекологиялық бөлімнің қабылдау бөліміне 28 жасар әйел келді. Шағымы жыныс жолдарынан болып жатқан қанды бөлініс, іштің төменгі бөлігінің ауырсынуы. Дәрігер қарап-тексергеннен кейін «өздігінен болған толық емес түсік» деген диагноз қойды. Акушеркаға зәр анализін алуға нұсқау берді.
1) Сіз зәр анализін қалай аласыз және не себепті?
2) Зәр катетерлерінің түрін жазыңыз?


Ситуациялық есеп №19
Әйелдер кеңес үйіне 24 жасар әйел келді. Шағымдары: 3 жыл көлемінде жүктіліктің болмауы. Етеккір циклы қалыпты, 4 күннен, ұзақтығы 28 күн. Гинекологиялық және венерологиялық аурулары жоқ. Аллергиялық анамнезі тыныш. Басқа жүйелер бойынша шағымы жоқ. Келген күні етеккір циклының 18 күні.Овуляция күндерін анықтау мақсатында және тексеру жүргізу үшін дәрігер қарап-тексерді.
1) Дәрігер жатыр мойнын тексергенде «қарашық» симптомы нәтижесі қандай болады?
2) «Қарашық» симптомына анықтама беріңіз?


Ситуациялық есеп №20

Әйелдер кеңес үйіне 24 жасар әйел келді. Шағымдары: 3 жыл көлемінде жүктіліктің болмауы. Етеккір циклы қалыпты, 4 күннен, ұзақтығы 28 күн. Гинекологиялық және венерологиялық аурулары жоқ. Аллергиялық анамнезі тыныш. Басқа жүйелер бойынша шағымы жоқ. Келген күні етеккір циклының 14 күні.Овуляция күндерін анықтау мақсатында және тексеру жүргізу үшін дәрігер қарап-тексерді.


1) «Қырыққұлақ» симтомын анықтағанда дәл осы күні қандай нәтиже береді?
2) Етеккір циклі, аналық бездік цикл және овуляция дегеніміз не?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет