Ситуациялық есеп №21
Қабылдауға 28 жастағы науқас 2 жыл бойы бедеу болуына шағымданып келді. Соматикалық дені сау. Етеккір қызметі бұзылмаған. Гинекологиялық қарауда патология жоқ. 3 етеккір циклы бойы базалды температура сызбасы монотонды.
1) Функциональды тесттердің қайсысы тиімді болып саналады?
2) Функциональды тесттердің түрлерін атаңыз?
Ситуациялық есеп №22
Науқас Д., 13 жаста гинекология бөліміне еттекірдің болмағанына, циклды қайталанатын іштің төменгі жағының ауыру сезіміне, кейде кіші дәреттің қиындауына шағымданып келді. Диагностикалық зерттеу кезінде еттекірлік қан қынапта жиналып, қабырғаларын созғандығы анықталды.
1. Болжама диагноз қойыңыз?
2. Орындалатын іс-әрекет қандай болмақ?
Ситуациялық есеп №23
Науқас Д., 14 жаста гинекология бөліміне еттекірдің болмағанына, циклды қайталанатын іштің төменгі жағының ауыру сезіміне шағымданып келді. Диагностикалық зерттеу кезінде етеккірлік қан жатыр қуысында жинақталған, соңғысы дөңгелек, эластикалық формалы құрылымға айналған және қан түтік тесігіне қарай ақандығы анықталды.
1. Болжама диагноз қойыңыз?
2. Орындалатын іс-әрекет қандай болмақ?
Ситуациялық есеп №24
Науқас К. 30 жаста. сыртқы жыныс мүшелерінің ашуына және қышуына шағымданады, әсіресе зәрге шыққаннан кейінгі, іріңді бөліністерге, қозғалыс кезіндегі ауырсынуға. Аурудың басталғанына 2 апта болған.Өзі ұн шығаратын зауытта жұмыс жасайды.
1) Болжамалы диагноз қойыңыз?
2) Қажетті зерттеу тәсілдерін атаңыз?
Ситуациялық есеп №25
Науқас Ж. 40 жаста. іріңді бөліністерге, кейде іштің төменгі бөлігіндегі
және белінің сыздап ауыратындығына шағымданады. Дене қызуының көтерілуі жиі болмайды. Айна көмегімен сыртқы жатыр каналы айналасы гиперемияланғаны және жатыр мойнынан бөліністер анықталынады.
1) Қандай патология туралы ойлауға болады?
2) Қажетті зерттеу тәсілдерін атаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |