Қан, ас қорыту, шығару және эндокриндық жүйелер функцияларын зерттеу



Дата16.10.2022
өлшемі0,74 Mb.
#153278
Байланысты:
Қан, ас қорыту, шығару және эндокриндық жүйелер

Қан, ас қорыту, шығару және эндокриндық жүйелер функцияларын зерттеу

ДШҚ 215 Айсаева Жанель

Қан жүйесі

  • Қан - ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді. Қан - ересек адам ағзасында шамамен бес литр қан болады. Қан - ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат - плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары - эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары -тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы жасушалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді. Эритроциттер тасымалдау, лейкоцит фагацитоздау жəне тромбоцит қан ұшуға қатысады.

Ас қорыту жүйесі

  • Ас қорыту жүйесі - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдауөндеуқорытусіңіру және қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді - ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді - ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.

Шығару жүйесі

  • Шығару жүйесі — адамның ағзасында, дәлірек, қанда, болатын зат алмасу процесі кезінде бөліп шыққан сұйық күйдегі соңғы қалдық заттарды сыртқа бөліп шығарып, ағзадағы су мен тұздың балансын (қалыпты жағдайда болуын) қадағалайтын жүйе.
  • Шығару жүйесіне кіретін бүйректе жаңадан қан түзетін гемопоэтин гормоны мен қан қысымын реттейтін ренин гормоны түзіледі. Егер шығару жүйесінде ақау пайда болса, салдары ауыр болуы ғажап емес. Асқынған түрі кейде адам өліміне әкеп соғады.
  • Шығару жүйесіне кіретін мүшелер мыналар: қос бүйрек пен қос несеп ағар ; несеп жолы (несеп шығатын жол).
  • Қан тамырлары арқылы тасымалданатын қалдық заттардан бүйректе үнемі несеп түзіледі. Ол несеп ағар арқылы қуыққа жетіп отырады. Қуықта жиналып қалған несеп, несеп жолы арқылы сыртқа шығарылады

Эндокриндық жүйе

  • Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.

Организмде бездерді үш топқа бөледі:

  • Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері);
  • Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері);
  • Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі).

Эндокриндік жүйенің қызметі

  • Ағзаның гуморальды реттелуіне қатысады және барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін бақылайды.
  • Ішкі тұрақтылықты, яғни, гомеостазды қамтамасыз етеді.
  • Жүйке және иммундық жүйелермен қосыла отырып:
    • өсуді;
    • ағзаның дамуын;
    • энергияны сақтауды бақылап қамтамасыз етеді.
  • Жүйке жүйесімен бірігіп гормондар:
    • эмоционалды реакциялардың;
    • адамның психикалық мансабынның қамтамасыз етілуіне қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет