3.ЕМТИХАН ТАПСЫРУҒА ДАЙЫНДЫҚ ҮШІН ЕМТИХАН ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
3.1 МЕХАНИКА Координат жүйелері. Векторлық және координаттық формаларда материялық нүктенің орын ауыстыруын, жылдамдығын және үдеуін сипаттау. Орташа және лездік жылдамдық және үдеу. Бірқалыпты айнымалы қозғалыстың кинематикасының формулалары.
Шеңбер бойынша нүктелердің қозғалысы. Элементар бұрыштық орын ауыстыру векторы. Бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу векторлары. Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтардың векторлық байланыстары. Жазық траектория бойынша қозғалыс кезіндегі тангенциаль және нормаль үдеулер.
Инерциалды санақ жүйелері. Галилей түрлендірулері және оның инварианттары. Жылдамдықтарды қосудың классикалық заңы.
Салыстырмалық принціпі. Жарық жылдамдығының тұрақтылық принціпі. Лоренц түрлендірулері.
Табиғаттағы күштер және әсерлесулер. Дененің массасы, күші және импульсы. Ньютонның үш заңы.
Материялық нүктелер жүйесінің импульсі. Тұйық жүйе импульсының сақталу заңы. Массалар центрі.
Импульс моменті және күш моменті. Нүкте үшін және материялық нүктелер жүйесі үшін моменттер теңдеуі. Жүйенің импульс моментінің сақталу заңы.
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Күн жүйесіндегі планеталардың қозғалысы үшін Кеплер заңдары
Қатты дененің қозғалмайтын өстің маңайындағы айналуы. Өске қатысты дененің инерция моменті. Гюйгенс-Штейнер теоремасы. Айналмалы қозғалыс динамикасының теңдеуі.
Физикалық маятник. Физикалық маятниктың тербеліс периоды үшін формулаларды қорыту.
Қатты дененің ілгерілемелі, айналмалы және жазық қозғалыстарының кинетикалық энергиясы
Күш жұмысын анықтау. Потенциал және потенциал емес күштер. Потенциалды энергия және оны нормалау. Энергияның сақталу заңы.
Релятивистік және релятивистік емес жағдайлардағы бөлшектің энергиясы мен импульсінің арасындағы байланыс. Масса мен тыныштық энергия арасындағы қатынас. Байланыс энергиясы. Массаның дефектісі
Инерциалды емес санақ жүйелері және инерция күштері. Жер бетіндегі инерция күштерінің көрінуі
Қатты денелердегі деформация. Гук заңы. Юнг модулі
Идеал сұйықтың стационар ағысы үшін Бернулли заңы
Көлденең қимасы дөңгелек құбыр ішіндегі тұтқыр сұйықтың стационар ағысы. Пуазейл формуласы.