ӘН ЖАНРЛАРЫ МЕН МЕКТЕПТЕРІ
Қазақ әндерінің жанрлық сипаттамасы ретінде оқыту тәжірибесінде этномузыкатанушы – Б.Ерзаковичтің тұжырымдамасы қолданылып келеді. Ғалым өзінің «Қазақ халқының ән мәдениеті» еңбегінде мынадай жанрлық анықтамаларды келтіреді:
1. Тұрмыс-салт әндері. Күнтізбелік әндер-жыл өлеңдері, емдік-жоралық әндер –«Бәдік», «Күлапсан», жан-жануарларға арналған әндер;
2. Әулеттік-жоралық әндер. Той әндері – «Жар-жар», «Беташар», «Той бастар», «Сыңсу», «Қоштасу», қазаға (өлімге) байланысты әндер – «Естірту», «Жоқтау», «Көрісу»;
Достарыңызбен бөлісу: |