Нәтижесі: Қалыптағы егеуқұйрыққа тироксин, тиротропин және пропилтиоурацил гормандарын енгізген соң, метоболизмнің әсері өзгереді. Қалыптағы егеуқұйрықта тироксинді қабылдағаннан кейін метаболизм артты, өйткені тұтынылатын ауа мөлшері артты. Тиротропинді енгізген кезде метаболизм тироксинді енгізумен бірдей деңгейде қалды. Пропилтиоурацил енгізген кезде метаболизм төмендеді, өйткені ол тиреоидты гормондардың синтезін тежейді.Қалқанша безі жойылған егеуқұйрықта тироксинді қабылдағаннан кейін метаболизм артты, өйткені бұл гормон метаболизм процестерін арттырады. Тиреотропинді енгізген кезде метаболизм коэффициенті жоқ, өйткені тиреотропин қалқанша безінің болмауына байланысты T3 және T4 өндірісін ынталандырмайды. Пропилтиурацил енгізген кезде де өзгерістер өтпейді, өйткені бұл Қалқанша безінің әсерін басады. Бұл егеуқұйрықта ол жоқ.Ал, жойылған гипофизі бар егеуқұйрықта тироксинді енгізгеннен кейін метаболизм жоғарылайды. Тиротропин енгізілгеннен кейін де метаболизм жоғарылады. Ал пропилтиурацил енгізілгеннен кейін метаболизм қалыпты деңгейге дейін төмендеді.