Эндокриндік жїйе


«ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІНІҢ ГИСТОЛОГИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР КАРТАСЫ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ НЕГІЗДЕРІ



бет27/30
Дата07.02.2022
өлшемі12,94 Mb.
#88620
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Р.Ж.Есимова ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІНІҢ ГИСТОЛОГИЯСЫ

«ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІНІҢ ГИСТОЛОГИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР КАРТАСЫ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ НЕГІЗДЕРІ


1.Тапсырма. Гипофиздің құрылымдық компоненттерін анықтау
Гематоксилин және эозинмен боялған гипофиздің кесіндісінде микроскоптың кіші өлшемінде капсуланы, бөлікаралық дәнекер тіннен құралған тосқауылдарды және мүшенің үш бөлігін: алдыңғы - аденогипофизді, гипофиздің аралық бөлігін және артқы бөлігін –нейрогипофизді анықтаңдар. Алдыңғы бөлігінің айшық тәрізді пішініне, қызыл - көк бояуына және саңылаулы гемокапиллярларға көңіл аударыңдар. Аралық бөлігі көгілдір түсті, қызғылттау болып боялған нейрогипофизге жанаса орналасқан. Гипофиздің суретін салып келесі белгілерді қойыңдар: 1 - аденогипофиз (гипофиздің алдыңғы бөлігі), 2 - гипофиздің аралық бөлігі, 3 - нейрогипофиз.
2 тапсырма. Аденогипофиздің микроскопиялық құрылысын зерттеу
Маллори әдісі бойынша боялған аденогипофиздің препаратында микроскоптың үлкен өлшемінде нашарлау боялған сопақша қоңыр-қызыл түсті ядросы бар дөңгелек пішінді аденоциттердің созындысын табыңдар. Синусоидты гемокапиллярлардың бойында оксифилді және базофилді гормон өндіруші аденоциттердің топтары орналасқан. Дөңгелек немесе полигоналды, цитоплазмасында сарғыш-қызыл түйіршіктері бар оксифилді жасушалар соматотропоциттер және маммотропоциттер болады, олар өсу гормонын және пролактин гормонын бөледі. Базофилді жасушалардың цитоплазмасында көк түсті түйіршіктері бар. Олар екі топқа бөлінеді: ядроның қасында ашық алаңы бар пішіні дөңгелектеу гонадотропоциттер, пішіні көпбұрышты түйіршіктері диффузды тарала орналасқан тиротропоциттер. Аденогипофиздің суретін салып, келесі белгілерді қойыңдар: 1 - хромофобты аденоциттер, 2 - хромофилді аденоциттер, 3 - сомато- және маммотропоциттер, 4 - тиротропоциттер, 5 - гонадотропоциттер, 6 - гемокапиллярлар.
3 тапсырма. Гипоталамус пен гипофиздің морфофункционалдық байланыстарын зерттеу
Оқу кестесінде гипофиздің және гипоталамустың өзара орналасуын зерттеңдер. Алдыңғы гипоталамуста супраоптикалық және паравентрикулярлық ядролардың, орталық гипоталамуста вентромедиалды, дорсомедиалды және аркуатты ядроларды табыңдар. Нейросекреторлық жасушалардың аксондарының бағытын, олардың гипофиздің құрылымдарымен аксовазалдық байланыстарын ажыратыңдар. Қойылатын белгілер: 1 - супраоптикалық ядро, 2 - паравентрикулярлық ядро, 3 - гипоталамустың орталық бөлігінің ядросы, 4 - алдыңғы гипофизарлық артерия, 5 - гипофизарлық бірінші реттік капиллярлар торы, 6 - аксовазалдық синапстар, 7 - гипофизарлық қақпалық веналар, 8 - гипофизарлық екінші реттік веналық капиллярлар торы, 9 - артқы гипофизарлық артерия, 10 - нейрогипофиздің гемокапиллярлары, 11 - нейрогипофиздің аксовазалды синапстары, 12 - әкетуші гипофизарлық вена.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет