Эндокриндік жїйе


Қысқартылған сөздер тізімі



бет2/30
Дата07.02.2022
өлшемі12,94 Mb.
#88620
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Р.Ж.Есимова ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІНІҢ ГИСТОЛОГИЯСЫ

Қысқартылған сөздер тізімі



АДГ –

антидиуретикалық гормон

АКТГ –

адренокортикотропты гормон

APUD –

Amine Precursors Uptake and Dekarboxylating

ДЭЖ –

диффузды эндокринді жүйе

ЛГ –

лютеиндеуші гормондар

ЛТГ –

лактотропты гормон

МТГ –

мамматропты гормон

СТГ –

соматотропты гормон

ТТГ –

тиреотропты гормон

ФРГ –

фолликул реттеуші гормон









МАЗМҰНЫ






Қысқартылған сөздер тізбесі

3




Кіріспе

5




Эндокриндік жүйенің жалпы сипаттамасы

6




Эндокринді бездердің құрылымдық-қызметтік құралуының жалпы принциптері

8




Ішкі секреция жүйесінің жіктелуі

8




Эндокринді және жүйке жүйелерінің өз-ара байланыстары

10




Гипоталамустың қызметін реттеу

11




Гипоталамус

11




Гипофиз

14




Эпифиз

20




Шеткері ішкі секреция бездері

22




Қалқанша безі

22




Қалқанша маңы безі

26




Бүйрек үсті безі

28




Диффузды эндокриндік жүйе: апудоциттер

35




Ұйқы безі

36




Білім деңгейін тексеруге арналған тестілер

38




Оқиғалық есептер

43




«Ішкі секреция бездерінің гистологиясы» тақырыбы бойынша тапсырмалар картасы және орындау негіздері

43




Бақылау сұрақтарының үлгісі

46




Тестілердің жауабы

48




Оқиғалық есептердің қысқа жауабы

49




Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер

50



Кіріспе

Эндокринді жүйе реттеуші және біріктіруші қызметтер атқарып, ағзаны тұтас жүйе ретінде қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл қызмет жүрек-қан тамырлар, жүйке және иммундық жүйелермен тығыз байланыста іске асырылады. Ішкі секреция бездері ағзада өтетін маңызды вегетативті құбылыстарды реттейді. Оларға жасушалардың өсуі, көбеюі, бөлінуі және дифференциялануы, ағзадағы зат және энергия алмасу, секреция, сіңіру, экскреция, қалпына келу, өзгерістерге бейімделу т.б. құбылыстарды жатқызуға болады. Ішкі секреция бездерінің құрылысы мен маңызын, гипоталамус пен гипофиздің, қалқанша, қалқанша маңы, бүйрек үсті, ұйқы бездерінің гистофункционалдық ерекшеліктерін, жасушаларының гистофизиологиясын білу дәрігерге дұрыс диагноз қою, оңтайлы емдеу әдістерін таңдау үшін қажет.


Төменде «Ішкі секреция бездерінің гистологиясы» модулі бойынша тәжірибелік сабақтардың және студенттің өзіндік жұмысының тақырыптарының үлгісі берілген. Оқу құралында бұл тақырыптарға қажетті материалды табуға болады.
Дәрістердің тақырыптарының үлгісі:

1.

Эндокриндік жүйенің жалпы морфофункционалдық сипаттамасы. Гипоталамо-гипофизарлық жүйенің гистофизиологиясы, эпифиз, қалқанша және қалқанша маңы бездері

2.

Бүйрек үсті безінің және ұйқы безінің эндокриндік бөлігінің гистофизиологиясы

3.

Бүйрек үсті безінің және ұйқы безінің эндокриндік бөлігінің гистофизиологиясы.

Тәжірибелік сабақтың тақырыптарының үлгісі:

1.

Гипоталамустың, гипофиздің, эпифиздің морфофункционалдық сипаттамасы

2.

Қалқанша, қалқанша маңы және бүйрек үсті бездерінің морфофункционалдық сипаттамасы

СӨЖ тақырыптарының үлгісі:

1.

Эндокринді және эндокринді емес қызметтерді біріктіре атқаратын мүшелердің құрылысы және қызметінің ерекшеліктері. Ұйқы безінің гистологиясы.

ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Әрбір жасушада оның зат алмасуының нәтижесінде көптеген метаболизм өнімдері түзіледі де, олар ұлпалық сұйықтыққа, қан немесе лимфаға құйылады. Бұл өнімдердің кейбіреулері физиологиялық белсенділігі бар заттарға жатады, яғни олар ағзадағы процестерді тежеп не еселеп өзгертуге, кейбір мүшелердің қызметіне, өсуіне өзгерістер енгізуге қабілетті болып келеді. Бұндай биобелсенді заттарды бөлетін мүшелерді эндокриндік (ішкі секреция) бездерге жатқызып, олардың бөлетін өнімдерін гормон (инкрет) деп атайды.


Эпителий тіндерінің құрамында безді эпителий ажыратылады. Бұл эпителийден екі түрлі бездер құралады: экзокринді және эндокринді. Эндокринді бездердің шығару өзектері болмайды, олар өздерінің өнімдерін (гормондарын) тікелей қанға немесе лимфаға бөледі. Эндокринді бездерде қан тамырлары жақсы дамиды. Эндокриноциттердің орналасуы бойынша ішкі секреция бездерінің екі тобы ажыратылады: фолликулярлық және трабекулярлық. Фолликулярлық бездерде эпителиоциттер фолликула түзейді, ал трабекулярлық бездерде жасушалар созындылар құрай тізбектеле орналасады.
Бездердің өндіретін өнімдері гормондар деп аталады. Бөлінетін өнім – гормондардың көбі ақуыздардан (пептидтер, олигопептидтер, гликопептидтер) және стереоидтардан (жыныстық гормондар, бүйрек түсті безінің өнімдері) тұрады. Кейбір гормондар тек бір мүшеде ғана бөлінсе (тироксин-қалқанша безінде), кейбіреулері бірнеше мүшелерде бөлінеді (инсулин - ұйқы безінде, шықшыт безінде, бас миында). Гормондар нысаналы мүшелерге ғана әсер етеді, басқа құрылымдарға ол реттеушілік ықпалын тигізе алмайды. Оның себебі нысана-жасушаларда гормондарды танып, олармен байланысты жүргізетін арнайы рецепторлардың болуы. Рецептормен байланысқан гормон плазмалеммаға, мембрананың құрамында болатын ферменттерге, цитоплазмадағы органеллаларға және ядроның генетикалық материалына әсер ете алады.
Өзінің ықпалын жүзеге асыру үшін гормонның аз ғана мөлшері қажет, ал қанға түсісімен нысаналы мүшеге жетеді, яғни ішкі секреция бездерінің алыста жатқан мүшелерге тигізер әсері қанның тасымалдау қызметіне байланысты жүргізіледі (дистантты әсер ету – алыстан ықпал ету).
Эндокриндік реттеу ағзада кездесетін реттеулердің бір түрі ғана болып табылады. Реттеудің өзі бірнеше түрге бөлінеді:

  • Аутокриндік реттеу (бір жасушаның немесе біркелкі жасушалардың шегінде); Аутокриния дегеніміз жасушаның өндірген өнімі оның өзінің рецепторлық аппаратына немесе жасушаның өзіне ұқсас көршілес жасушаларға әсер етіп, олардың қызметтік белсенділігін реттеу болып табылады.

  • Паракриндік реттеу (жақыннан, - көрші орналасқан жасушаларға); Паракриния дегеніміз жасушаның өндірген белсенді заты оның қасында орналасқан басқа жасушаларға әсер етуі болып табылады.

  • Эндокриндік реттеу (қанда анықталатын гормондардың көмегімен); Эндокриния дегеніміз жасушаның өндірген реттеуші заттары олардың әсер ететін жасушаларынан қашықта орналасып, алыстан ықпал жасау болып табылады.

  • Жүйкелік реттеу. Эндокриндік жүйе жүйке жүйесімен тығыз байланыста болады, сондықтан көбінесе нейро-гуморальдық реттеу термині қолданылады.

Жүйкелік жасушалар мен эндокриндік жасушалардың жалпы қасиеттері гуморальды реттеушілік ықпал көрсете алатын заттарды өндіре алу болып табылады. Эндокриноциттер гормондарды өндірсе, жүйкелік жасушалар нейромедиаторларды бөледі. Жүйке жүйесінің кейбір мүшелерінде кәдімгі нейроциттерден басқа, нейросекреторлық қызмет атқаратын жасушалар да болады. Олар нейроаминдермен қатар олигопептидтерді де өндіре алады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет