Эндокринология


Жүрек пайда болған гипотиреоз



бет115/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   435
Байланысты:
document

3.6.1. Жүрек пайда болған гипотиреоз
Кең таралған эндокринді ауру болып табылады (3.12 кесте). Тұрақты біріншілік гипотиреоздың басты себебіне созылмалы аутоиммунды тиреоидит (АИТ) жатады, одан кейін таралуы жөнінен ҚБ-ге орындалған хирургиялық операциялардан және радиобелсенді 131I-пен терапиядан кейін дамитын ятрогенді гипотиреоз дамиды.
3.12 кесте. Біріншілік жүре пайда болған гипотиреоз



Этиологиясы

Созылмалы аутоиммунды тиреоидит, ҚБ-ге жүргізілген операциялық араласулар, 131I-пен терапия.

Патогенезі

Ағзаның жасушалық жүйесінің метаболизмі мен негізгі алмасудың төмендеуі.

Эпидемиологиясы

Ерлер, әйелдер— 1:10.
Жалпы популяцияда - 2 %.
Репродуктивті жастағы әйелдер арасында 2 — 5 %.
60 жастан асқан егде адамдар арасында 6 — 12 %.



Басты клиникалық көріністері

Спецификалық емес немесе болмайды: жалпы әлсіздік, депрессия, терінің құрғауы, шаштың артық түсуі, іш қату, гипохромды анемия, перикардта сұйықтықтың жиналуы, диастолалық гипертензия, атерогенді дислипидемия, менструальді циклдің өзгеруі, бедеулік, либидоның төмендеуі.

Диагностикасы

Манифесті біріншілік гипотиреоз: ТТГ↑, Т4↓
Субклиникалық гипотиреоз: ТТГ↑, Т4-қалыпты деңгейде.
Екіншілік гипотиреоз: ТТГ↓, Т4↓.

Салыстырмалы диагностикасы

Симптоматикасы ұқсас бірқатар аурулар. Гипотиреоздың дамуына әкелетін аурулардың өзара ажырату диагностикасы.

Емі

Левотироксин препараттарымен орынбасушы терапия (жалпы орынбасушы мөлшері дене массасына 1,4 мкг/кг), терапияның мақсаты- қалыпты деңгейде ТТГ ұстау.

Болжамы

Орынбасушы терапия көрінісінде ТТГ деңгейін тұрақты мөлшерде ұстау- симптомдар мен көріністерінің толық регрессі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет