Эндокринология



бет113/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   435
Байланысты:
document

ЭОП ауырлығы

Емі

Кез келген ауырлықта

  • Шылым тартуды тастау

  • Қасаң қабықты сақтау (көз тамшылары «жасанды көз жасы», қабақ дұрыс жабылмағанда- көзге таңғыш басып ұйықтау)

  • Қараңғыланған көзілдіріктер тағу

  • Тұрақты эутиреозды үстемелеу

Жеңіл дәрежелі ЭОП

Қандайда бір белсенді араласуларсыз бақылау.

Орташа дәрежелі ЭОП, белсенді фаза

Қабынуға қарсы терапия (глюкокортикоидтар көктамырға немесе per os) және/немесе орбиталардың рентгенографиясы.

Орташа дәрежелі ЭОП, белсенді емес фаза

Реконструктивті хирургия (қабаққа, көзқозғалтқыш бұлшықеттерге операция, орбита декомпрессиясы).

Ауыр дәрежелі ЭОП

Глюкокортикоидтармен пульс-терапия, орбиталардың декомпрессиясы.

Басым жағдайларда ЭОП ешқандай белсенді терапияны жүргізусіз жазылады, себебі жиі жеңіл дәрежеде дамып, еш қалдық белгілерсіз өздігінен ремиссияға ұшырайды. Дегенмен, науқастарға темекі тартуды тоқтату, көз тамшыларын қолдану жөніндегі кеңестер берілуі қажет. ЭОП ремиссиясына қол жеткізудің басты шарты- эутиреозды үстемелеу. Орташа және ауыр дәрежедегі ЭОП кезінде қолданылатын, өзінің салыстырмалы қауіпсіздігі мен нәтижелілігін дәлелдеген әдіс- метилпреднизолонмен пульс-терапия (1 г көктамырға, күнделікті, 5 күн бойы, кейін қажет болғанда қайталамалы курсті 1–2 аптадан кейін жүргізеді). Альтернативасы жанама әсерлерінің даму қаупі жоғары пероральды преднизолонды қабылдау болып табылады. Глюкокортикоидтармен емдеудің басты мәселесі- онымен емді тоқтатқаннан кейін жиі дамитын ЭОП рецидиві. Сонымен қатар, глюкокортикоидты терапиямен жұптастырып орбиталар аймағына бағытталған рентгенотерапиямен емдеу әдісі де қолданылады. Ауыр дәрежедегі ЭОП кезінде, әсіресе көру жүйкесінің нейропатиясы дамығанда орбитаны декомпрессиялау мақсатында оперативті араласу көрсетіледі. ЭОП-ның белсенді емес сатысында айқын косметикалық және көрудің бұзылыстары дамыған кезде де оперативті араласу тағайындалуы мүмкін.




Болжамы
Басым жағдайларда болжамы жақсы: ремиссия өздігінен немесе индуцирленген қабынуға қарсы терапиядан кейін дамиды. Шамамен 1-2 % жағдайда ЭОП белсенді емес фазада қалдық белгілердің дамуымен аяқталатын ауыр ағыммен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет