Симптомдар
|
Көріністері
|
Грефе
|
Төмен қарағанда нұрлы қабықтың жоғарғы қабақтан қалыңқырауы.
|
Дальримпль
|
Көз саңылауының кең ашылуы
|
Штельваг
|
Сирек көзді қағу.
|
Мебиус
|
Жақын қашықтықта көзқарасты бекіте алмау (конвергенция әлсіздігі).
|
Кохер
|
Көзқарасты тез ауыстырғада дамитын жоғарғы қабақтың ретракциясы.
|
3.8 кесте. Эндокринді офтальмопатияның жіктемесі NOSPECS
Сатысы
|
Клиникалық көріністері
|
0 (N)
|
Офтальмопатияның дамымауы
|
1 (O)
|
А
В
С
|
Жоғарғы қабақтың ретракциясы:
-болмашы айқындылықта
-орташа айқындылықта
-өте айқын
|
2 (S)
|
А
В
С
|
Көз шарасының жұмсақ тіндерінің өзгерісі (ісінуі, конъюнктива инъекциясы):
-болмашы айқындылықта
-орташа айқындылықта
-өте айқын
|
3 (P)
|
А
В
С
|
Экзофтальм (көз алмасының көз шарасынан шығып тұруы):
-болмашы айқындылықта (қалыптыдан 3-4 мм артық)
-орташа айқындылықта (қалыптыдан 5-7 мм артық)
-өте айқын (8 мм-ден артық)
|
4 (E)
|
А
В
С
|
Көз бұлшықеттерінің зақымдалуы:
-көз алмасы қозғалысының шектелуінсіз диплопия
- көз алмасы қозғалысының шектелуі
-фиксацияланған көз алмасы (біреуі немесе екеуіде)
|
5 (C)
|
А
В
С
|
Қасаң қабықтың зақымдалуы:
-құрғақтық
-жаралану
-лайлану, некроз, перфорация
|
6 (S)
|
|
Көз жүйкесінің зақымдалуы:
-болмашы айқындалған (көру өткірлігі 1,0–0,3)
-орташа айқындалған (көру өткірлігі 0,3–0,1)
-өте айқындалған (көру өткірлігі 0,1)
|
ЭОП-ға екі симптомдар топтамасы тән: біріншісі- орбитаның жұмсақ тіндерінің өзгерісімен байланысты, екіншісі- көзқозғалтқыш бұлшықеттердің өзгерістерімен байланысты. Ретробульбарлы және жартылай периорбитальды тіндердің өзгерісі нәтижесінде жоғарғы қабақтың ретракциясының кейін дамуымен сипатталатын экзофтальм көрініс береді (3.16 сурет). ЭОП –ның алғашқы симптомдарына көзге «құм түскендей» сезім, көзден жас ағу және жарықтан қорқу жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |