Салыстырмалыдиагностикасы ЭОП-ны ретробульбарлы ісіктерден (әсіресе, біржақты экзофтальм кезінде), көз шарасының инфильтративті ауруларынан, миастениядан, басқа генезді көз жүйкесінің нейропатиясынан ажырата білу қажет.
Емі Емдеу әдісін таңдау кезінде ЭОП-ның өздігінен дамитын ремиссияға ұшырауға бейім екенін естен шығармаған жөн, яғни басқаша айтқанда ертелі кеш ЭОП-ның белсенді сатысы аяқталады дегенді білдіреді. ЭОП-ны емдеу әдісі жоғарыда айтылғандай сырқаттың ауырлығы мен белсенділігіне байланысты (3.10 кесте).