3.7. ТИРЕОИДИТТЕР «Тиреоидит» термині ҚБ қабынуымен өтетін гетерогенді аурулар тобын біріктіреді. Ең жиі кездесетіндері аутоиммунды тиреоидиттің әртүрлі варианттары.
3.7.1. Аутоиммунды тиреоидит Аутоиммунды тиреоидит (АИТ) – патогенезінің негізінде ҚБ фолликулалары мен фолликулярлық жасушаларының түрлі дәрежедегі деструкциясымен көрінетін, этиологиясы аутоиммунды ҚБ қабынуымен өтетін гетерогенді аурулар тобы.
3.7.1.1. Созылмалы аутоиммунды тиреоидит Созылмалы аутоиммунды тиреоидит (Хашимото тиреоидиті, лимфоцитарлы тиреоидит) – созылмалы үдемелі лимфоидты инфильтрация нәтижесінде ҚБ ұлпасы деструкцияланып, салдары біріншілік гипотиреозбен аяқталатын, генезі аутоиммунды ҚБ-дің созылмалы қабынулық ауруы (3.16 кесте). Алғаш рет осы ауруды 1912 жылы жапон хирургі H. Hashimoto суреттеген. Ол лимфоидты инфильтрацияланған (лимфоматозды жемсау) ҚБ үлкеюімен өтетін бірнеше жағдайларды бақылаған болатын, сондықтан Хашимото тиреоидиті термині АИТ-тың гипертрофиялық түрін білдіреді, дегенмен ол жиі жалпы созылмалы АИТ ретінде таралған.