Патогенез
|
Ауру
|
Гормонның жеткіліксіз бөлінуі
(эндокринді бездің гипофункциясы)
|
Гипотиреоз, қантты диабеттің 1 типі, гипокортицизм
|
Гормонның артық бөлінуі
(эндокринді бездің гиперфункциясы)
|
Грейвс ауруы, инсулинома, Кушинг синдромы
|
Эндокринді бездің дисфункциясы
(бір гормонның артық өндірілуі немесе екінші гормонның жеткіліксіз өндірілуі)
|
21-гидроксилаза тапшылығынан бүйрек үсті бездері қыртысының туа біткен дисфункциясы
|
Көптеген аномалиялар
(аталған бірнеше бұзылыстардың ұштасуы)
|
Макросоматотропинома кезінде гонадотропин өндірілуінің төмендеуі
|
Қызметі бұзылмай-ақ эндокринді бездердегі морфологиялық өзгерістер
|
Бүйрек үсті безінің гормональды-белсенді емес ісігі (инфиденталома), эутиреоидты жемсау
|
Аномальды гормон секрециясы*
|
Аномальды инсулиннің өндірілуі нәтижесінде дамитын қантты диабет
|
Гормондар әсеріне резистенттілік*
|
Псевдогипопаратиреоз, тиреоидты гормондарға резистенттілік
|
Гормондар тасымалы мен метаболизмінің аномалиялары**
|
Отбасылық дисальбуминемиялық гипотироксинемия
|
* Өте сирек, тіпті казуистикалық эндокринді аурулар
** Клиникалық маңызы жоқ зертханалық феномен
Гормондарды анықтаудың клиникалық тәжірибеде жиі қолданылатыны – радиоиммунды әдістің түрлі модификациясы, сонымен қатар соңғы он жылдықта кең көлемде радиоактивті емес әдістер, соның ішінде иммунохемилюминисцентті әдіс қолданылады. Бірқатар заттарды анықтайтын химиялық зерттеу әдістері де өз мағынасын жоғалтқан жоқ (жиі бұл гормондардың метаболиттері мен оның жолашарлары).
Эндокринді бездердің функционалдық жағдайын зерттеу мақсатында келесідей әдістемелерді қолданады:
• гормонның бастапқы (базальды) деңгейін анықтау;
•гормонның бөлінуінің циркадианды ырғағын ескере отырып, динамикада гормон деңгейін анықтау;
• функционалды сынақтарды орындау жағдайында гормондардың деңгейін анықтау;
• гормондар метаболиттерінің деңгейін анықтау.
Клиникалық тәжірибеде жиі гормондардың базальды деңгейі анықталады. Қалыпты жағдайда қан таңертең ашқарынға (сағат 8–9-да) алынады, алайда тағам қабылдау тәртібі көптеген гормондардың бөлінуіне ешқандай ықпал етпейді. Кейбір эндокринді бездердің (қалқанша безі, қалқанша маңы бездері) базальды деңгейін анықтау жеткілікті болады. ТТГ және тиреоидты гормондардың деңгейі тәулік ішінде сәл ғана ауытқиды және басқа гормондармен салыстырғанда ішкі, сыртқы түрткілерге төзімдірек болады. Гормондардың базальды деңгейін анықтағанда сол гормонның қан арнасында бірнеше молекулярлы түрлерінің болуы айтарлықтай қиындықтар туғызады. Ең бірінші бұл мәселе паратгормонға байланысты (8 бөлімді қараңыз).
Бірқатар гормондар қанда тасымалдаушы-ақуыздармен байланысқан күйде кездеседі. Қалыпты жағдайда байланыспаған бос, биологиялық белсенді гормонның деңгейі жалпы гормон (байланыспаған+байланысқан) деңгейімен салыстырғанда он, жүз есе төмен болады. Көп жағдайда бос, байланыспаған гормон деңгейін анықтаудың айтарлықтай диагностикалық маңызы бар. Бұл, гормонның жалпы деңгейіне оның тасымалдаушы-ақуыз синтезінің кез-келген уақытта өзгеруі әсер етуімен байланысты. Сонымен қатар, кейбір арнайы жағдайларда және дәрілік заттарды тағайындау барысында гормондардың тасымалдаушы-ақуыздармен байланысуы өзгеруі мүмкін, ол өз кезегінде жалпы гормон деңгейін анықтау нәтижелеріне әсер етеді.
Бірқатар гормондардың деңгейіне тәуліктік динамика тән (циркадианды секреция ырғағы), бұл жағдайда жиі динамиканың клиникалық маңызы бар. Осы тұрғыда кортизол өндірілуінің динамикасы маңызды, әрі көрнекті (1.1 сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |