1.3 сурет. Кері теріс байланыс түрі бойынша эндокринді бездердің қызметінің реттелу қағидалары
Гипофиздің тропты гормондары шеткері эндокринді бездер гормондарының бөлінуін ынталандырады. Бұл гормондар өз кезегінде шеткері тіндерде орналасқан рецепторларға ықпал етіп, биологиялық әсерін көрсетіп, тропты гормондар мен гипоталамустың рилизинг-гормондарының бөлінуін тежейді. Соңғысы, гипофиздің тропты гормондарының (кейде бірнеше гормондарды) өндірілуін ынталандыруды қамтамасыз етеді. Нәтижесінде, гипоталамус-гипофизарлы жүйе мен шеткері эндокринді бездердің арасында динамикалық тепе-теңдік қалыптасады.
Гипофизге тәуелді эндокринді бездердің қызметін диагностикалық жұптар бойынша бағалау стандартты түрде іске асырылады (1.4, 1.5 суреттер). Шеткері эндокринді бездердің қызметінің бұзылуы сол без патологиясына байланысты болғандықтан біріншілік деп аталады, ал егер гипофиз патологиясына байланысты болса, екіншілік болып табылады.
1.4 сурет. Диагностикалық жұптар бойынша эндокринді бездердің зақымдалу деңгейін анықтау
Достарыңызбен бөлісу: |