Екіншілік гиперальдостеронизм (ЕГА) ренин өндірілуінің жоғарылауымен сипатталатын, су-электролит алмасуының түрлі бұзылыстарында ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуі нәтижесінде дамитын альдостерон деңгейінің жоғарылауымен көрінетін синдром.
Этиологиясы БГА дамуына жиі әкелетін себеп - жалғыз альдостеронөндіруші аденома (4.16 кесте). Әдетте ісіктің көлемі үлкен емес — диаметрі 3 см-ге дейін. Қатерлі альдостеромалар өте сирек кездеседі. Идиопатиялық біріншілік гиперальдостеронизм микро- немесе макронодулярлы өзгерістермен бүйрек үсті безі қыртысының шумақтық аймағының екі жақты ісікті емес гиперплазиясымен сипатталады немесе оның себебі белгісіз болуы мүмкін.