Салыстырмалы диагностикасы Синдромның қарапайым вирилді түрін бүйрек үсті безі мен гонадалардың андрогенөндіруші ісіктерімен, ер балаларда идиопатикалық мерзімінен ерте жыныстық жетілумен салыстырмалы диагностикалау қажет. Р450с21 тапшылығының тұз жоғалту түрін бүйрек үсті бездері қыртысының туа біткен дисфункциясының сирек түрлерімен, псевдогиперальдостеронизммен және бірқатар басқа жағдайлармен салыстырмалы диагностикалау керек.
Салыстырмалы диагностикалау барасында 17-OHPg шекаралық жоғары деңгейінинтерпретациялау үлкен мәселе туындатады. Себебі, сары денемен синтезделетін 17-OHPg менструальды циклдің екінші кезеңінде сәл жоғарылайтын болса, ал жүктілік кезінде үнемі жоғары деңгейде болады. Сонымен қатар, жүктілік кезінде әдетте жалпы тестостерон және басқа андрогендер мөлшерінің де шамалы жоғарылауы, синдромның классикалық емес түрінің гипердиагностикалануына әкеледі.