Эндокринология


Кесте 6.5. Ер адамдарда екіншілік гипогонадизмнің даму себептері



бет253/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   435
Байланысты:
document

Кесте 6.5. Ер адамдарда екіншілік гипогонадизмнің даму себептері

Сырқат (синдром)

Сипаттамасы

Калман синдромы

ЛГ, ФСГ, тестостерон тапшылығы, 75 % жағдайда аносмия.
Себебі –гипоталамусқа ГРГ-өндіруші нейрондардың миграциясының бұзылысы нәтижесінде дамитын гонадотропин-рилизинг гормонының (ГРГ) тапшылығы.
Жиі Хр22.3. хромосомасында KAL генінің мутациясы анықталады. Таралу жиілігі ер балалар арасында 1:10000 қатынасындай (ерлер: әйелдер— 4:1).ГРГ ағзаға енгізу көрінісінде гонадотропин және тестостерон мөлшері қайта қалыптасады

«Фертильді евнух» (Паскуалини) синдромы



ГРГ-нің жартылай тапшылығы, бұл сперматогенездің жүруіне жеткілікті, бірақ қалыпты вирилизацияға жеткіліксіз болып табылады. Евнухоидты фенотип тән, кей жағдайда бедеулік дамиды

Прадер-Вилли синдромы



Айқын семіздік, психикалық ретардация. Әкесінен тұқым қуаланған 15q хромосомасының делециясымен сипатталады

Дәрілік заттарды созылмалы түрде қабылдау

Гипердәрілік пролактинемияны шақыратын глюкокортикоидтар, анаболикалық стероидтар, кокаин және наркотикалық препараттарды қабылдау (нейролептиктер, метоклопрамид, антидепрессантты дәрілік заттар қатары, зидовудин және т.б.)

Ауыр жүйелік аурулар

Миокард инфаркті, сепсис, ауыр бас ми жарақаты, ауыр стресс, анаболикалық стероидтар

Гипофизарлы жеткіліксіздік

Гипоталамус-гипофизарлы аймақта дамитын деструктивті үрдістерде (2.6 бөлімді қараңыз) гонадотропты функция ең бірінші бұзылады. Жас балаларда– краниофарингиома, ересек адамдарда — пролактинома





Эпидемиологиясы
Ер адамдарда дамитын туа біткен гипогонадизмнің себептерінің бірі Клайнфелтер синдромы болып табылады. Клайнфельтер синдромының таралу жиілігі тірі туылған ер балаларға 1:500 қатынасындай. Жүре пайда болған гипогонадизм жиі кездеседі, ол ер адамдардың 20%-да дамиды. Бұл көрсеткіш алынған диагностика қағидаларына тікелей тәуелді.


6.6 кесте. Даму кезеңіне тәуелді гипогонадизм симптоматикасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет