Салыстырмалыдиагностикасы ҚД анықталған науқастарда протеинурия мен бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін басқадай себептер. Басым жағдайда ДНФ артериялық гипертензиямен, диабеттік ретинопатиямен немесе нейропатиямен ұштасып келеді, егер олар қатар дамымаған жағдайда салыстырмалы диагностиканы мұқият жүргізу қажет. ҚД-1 кезінде 10% жағдайда және ҚД-2 кезінде 30% жағдайда протеинурия ДНФ-мен байланыссыз дамиды.
Емі ДНФ-нің біріншілік және екіншілік профилактикасының басты шарттары ҚД-нің компенсациясы мен жүйелік артериялық қысымды қалыпты жағдайда ұстау болып табылады. Сонымен қатар, ДНФ-нің біріншілік профилактикасы тағамда ақуызды шектеуді білдіреді — тәуліктік калораждың 35%-ы.