7.8.5. Диабеттік табан синдромы
Диабеттік табан синдромы (ДТС) — шеткі жүйкенің, тері мен жұмсақ тіндердің, сүйек пен буындардың зақымдану көрінісінде жедел және созылмалы ойық жаралармен, сүйек-буындық зақымданулармен және іріңді-некроздік үрдістермен сипатталатын ҚД кезінде дамитын табанның патологиялық жағдайы (7.21 кесте).
Этиологиясы мен патогенезі
ДТС патогенезі көпкомпонентті және инфицирленуге бейім нейропатикалық және перфузионды бұзылыстардың ұштасуымен көрінеді. Патогенезінде аталған түрткілердің дамуына байланысты, ДТС 3 басты түрін ажыратуға болады:
7.21 кесте. Диабеттік табан синдромы
Этиологиясы мен патогенезі
|
Нейропатикалық түрі (70%): трофикалық иннервацияның төмендеуі, тірек нүктесінің өзгеруі, ауырсыну сезімталдығының төмендеуі, инфицирлену.
Ишемиялық (3-7%) және нейроишемиялық (15–20%) түрі: аяқ қантамырларының атеросклерозы
|
Эпидемиологиясы
|
Науқастардың 10–25%, кейбір мәліметтерге сүйенсек ҚД-мен сырқаттанған науқастардың 30–80%-да көрініс береді
|
Басты клиникалық көрінісі
|
Нейропатикалық түрі: барлық сезміталдықтың төмендеуі, табан деформациясы, ойық жараның инфицирленуі (әсіресе өкшеде, саусақ аралықтарда), остеоартропатия.
Ишемиялық түрі: «ауыспалы ақсақтық», табан қантамырларындағы пульсацияның төмендеуі, акральды некроз типі бойынша ойық жаралар (саусақ ұштары, өкше)
|
Диагностикасы
|
Аяқты қарау, неврологиялық статус пен артериялық қанайналымды бағалау, рентгенография, жарадан бөлінген бөліндіні бактериологиялық зерттеу
|
Салыстырмалы диагностикасы
|
Генезі басқа табанда дамитын жаралар, қантамырлардың басқа окклюзиялы аурулары, ДТС клиникалық түрлері арасында
|
Емі
|
Диабет компенсациясы, аяқ күтімі, науқастарды оқыту. Нейропатикалық түрі: табанға жүктемені азайту, антибиотикотерапия, жараны өңдеу, дұрыс аяқ қиім таңдау.
Ишемиялық түрі: эрготерапия, реваскуляризациялық операциялар, аспирин, антикоагулянттар, тромболитиктер, простагландин дәрілері
|
Болжамы
|
ҚД-мен сырқаттанған науқастарда аяқ ампутациясы диабетпен ауырмайтындармен салыстырғанда 20–40 есе жиі орындалады
|
Достарыңызбен бөлісу: |