Эндокринология


Этиологиясы мен патогенезі



бет339/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   435
Байланысты:
document

Этиологиясы мен патогенезі
Диабеттік нейропатия (ДНЕ) басты себебі- гипергликемия. Оның патогенезінің бірнеше механизмдерін қарастыруға болады:
• глюкоза метаболизмінің полиолдық жол арқылы белсенуі нәтижесінде жүйке жасушаларында сорбитол, фруктоза жиналып, миоинозитол мен глутатион мөлшері төмендейді. Бұл өз кезегінде, бос радикалдар үрдісін белсендіріп, азот тотығы деңгейін азайтады;
• жүйке жүйесінің мембраналық және цитоплазмалық ақуыздарының энзимдік емес гликолизденуі;
• микроангиопатия vasa nеrvorum капиллярлы қанайналымның төмендеуіне және жүйке гипоксиясына әкеледі.


Эпидемиологиясы
ДНЕ-нің ҚД екі түрінде де таралу жиілігі шамамен 30%-ды құрайды. ҚД-1 кезінде сырқат басталғаннан 5 жылдан кейін науқастардың 10% көрініс бере бастайды. ҚД-2 кезінде ДНЕ жаңа жағдайлары жылына науқастардың шамамен 6%-да байқалады. Жиі анықталатын түрі симметриялық сенсомоторлы ДНЕ болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет