Эндокринология


Емі 1. Дофамин агонистерімен медикаментозды терапия



бет47/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   435
Байланысты:
document

Емі
1. Дофамин агонистерімен медикаментозды терапия микро- және макропролактиномалар, идиопатиялық ГГ кезінде көрсетілген. Гипофизарлы дофаминергиялық рецепторларды ынталандыра отырып, пролактин синтезі мен бөлінуін бөгейді, пролактотрофтарда митоз жиілігін төмендетеді, пролактинсекрециялайтын гипофиз аденомаларының өсуін тежейді. Науқастардың басым көпшілігінде пролактин секрециясының қалпына келуі гипоталамустың циклдік белсенділігінің қалыптасуына, гонадотропты гормондар өндірілуінің жоғарылауына, екі фазалы менструальды циклдің, фертильдіктің қалыптасуына әкеледі. Сонымен қатар, шынайы пролактиномалардың көлемдері кішірейеді, осыған орай медикаментозды терапия хиазмалық синдром және неврологиялық симптоматика дамыған макропролактиномалар кезінде де қолданылады. Бедеулікті емдегенде дофаминомиметиктерді (бромкриптин немесе каберголин) жүктілік орнағаннан кейін тоқтатады.

бромокриптин осы топқа жататын тұңғыш дәрілік зат және ол дофамин рецепторларына селективті емес әсер етуі мен қысқа жартылай бөліну уақытымен ерекшеленеді. Бромкриптинді тәулігіне 1–3 рет 1,25 мг –нан тамақ кезінде қабылдаудан бастап, кейін мөлшерін күніне 2–4 рет 2,5 мг–ға дейін жоғарылатады. Бромкриптиннің бірреттік мөлшері пролактин секрециясын орташа 12сағатқа тежейді. Жағымсыз көріністері (лоқсу, ортостатикалық гипотензия, іш қату) әдетте қысқа мерзімді және дәрі мөлшерін төмендеткенде жоғалады.


каберголин дофамин D2-рецепторларының селективті агнонисті; пролактин өндірілуін ұзақ және әсерлі тежейді, осыған орай 0,25–2 мг мөлшерде аптасына 1–2 рет қабылдау жеткілікті (қажет болған жағдайда 4,0 мг немесе одан жоғары мөлшерде).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет