3.2 сурет. Қалқанша бездің гистологиялық құрылымы
3.2 сурет
Тироциты- Тироциттер
Коллоид- Коллоид
Соединительная ткань с кровеносными сосудами- Қан тамырларымен бірге дәнекер тіні
Фолликул щитовид.железы- Қалқанша бездің фолликуласы
|
3.3 сурет. Қалқанша без гормондарының құрылымы
Кейін құрамында байланысқан йодтиронині бар тиреоглобулин апикальды мембрана арқылы тасымалданып, фолликуланың коллоидты қуысында жиналады да, қайтадан тироциттерге еніп, олардың базальды мембранасына қарай ауысып, қанға йодтирониндер бөледі. Қанға түскен Т4 және Т3 гормондары қан айналымында негізінен ақуыздармен байланысқан күйде болады (тироксинбайланыстырушы глобулин, преальбумин (транстиретин), альбумин). Т4 қандағы жартылай өмір сүру уақыты 7–9 күнге, ал Т3— 2 күнге созылады.
Бос йодтирониндер салыстырмалы түрде жасушалар мембранасы арқылы оңай өтеді. Тиреоидты гормондардың жасушаішілік әсерлері олардың метаболизмге ұшырау үрдістерімен тығыз байланысты (ең алдымен дейодталу механизмдерімен). Олардың ішіндегі ең маңыздысы- Т4-тің аса белсенді Т3-ке конверсиясы (айналуы). Тиреоидты гормондардың рецепторларымен Т3-тің тікелей байланысуына орай, Т4 прогормон, ал Т3 нағыз гормон ретінде қарастырылады. Т3 гормоны ағза жасушаларының басым көпшілігінде орналасқан спецификалық ядролық рецепторлармен байланысып, түрлі гендердің экспрессиясының өзгерісіне әкеледі де, тиреоидты гормондардың физиологиялық әсерлерін көрсетеді, оның ішіндегі ең маңыздысы - негізгі алмасуды реттеу және үстемелеу. Қан айналымындағы Т3-тің 5–10% ғана қалқанша безде синтезделеді, ал оның көп бөлігі перифериялық тіндерде Т4-тің дейодталуы нәтижесінде түзіледі. Т4-тің Т3-ке айналуы (конверсия) тіндік спецификалық қасиетке ие түрлі дейодиназалармен катализденеді.
Қалқанша без қызметі гипофиз арқылы теріс кері байланыс қағидасы бойынша реттеледі. Гипофиздің тиреотропты гормоны (ТТГ) тиреоидты гормондардың өндірілуін ынталандырады, ал ол өз кезегінде ТТГ синтезін тежейді (сурет 3.4).
3.4 сурет. Тиреоидты гормондардың секрециясының реттелуі
3.4 сурет
Щитовидная железа- Қалқанша без
Периферические ткани- Шеткері тіндер
Передняя доля гипофиза-Гипофиздің алдыңғы бөлігі
Портальная система гипофиза- Гипофиздің портальды жүйесі
Гипоталамус- Гипоталамус
|
Тиреоидты гормондардың әсері жан-жақты. Тиреоидты гормондар жасушаларда негізгі алмасуды үстемелеп қамтамасыз етеді, олардың метаболизмдік белсенділігін, пролиферация және апоптоз үрдістерін реттейді. Тиреоидты гормондардың қалыпты мөлшерде болуы барлық ағза қызметі үшін аса маңызды, сондықтан қалқанша без қызметінің бұзылуы полижүйелік сипатқа ие болады. Тиреоидты гормондар ұрық пен жаңа туылған нәрестенің жүйке және басқа да жүйелерінің қалыптасуында аса маңызды. Осы кезеңде дамитын тироксин тапшылығы түрлі неврологиялық бұзылыстарға әкеледі. Тиреоидты гормондардың әсері дәстүрлі түрде калоригенді сипатта суреттеледі: тиреоидты гормондардың әсерінен тіндердің оттегіге сұранысы мен жылу түзілуі жоғарылап, нәтижесінде негізгі алмасу артады.
Достарыңызбен бөлісу: |