Эндокринология



бет153/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   435
Байланысты:
document

Эпидемиологиясы
Таралуы йод тапшылығының айқындылығына тәуелді. Мысалы, жеңіл дәрежедегі йод тапшылығы орнаған аймақтарда эутиреоидты жемсаудың халық арасында таралу жиілігі 10% болса, ал ауыр дәрежедегі йод тапшылығы көрініс берген аймақтарда бұл көрсеткіш 100%-ға жетеді. Кейбір аймақтарда жанама түрде бірқатар зобогенді түрткілер айтарлықтай маңыздылыққа ие болады (африка мемлекеттерінде тағамға қосу мақсатында пайдаланатын құрамында тапиока және маниока бар тиоционаттар).


Клиникалық көрінісі
Сирек дамиды, тек ұлғайған ҚБ-і әсерінен дамыған компрессиялы синдроммен көрінеді. Кейде науқастар мойнын аймағындағы жағымсыз сезімге шағымданады, бір жағынан мұндай шағымдар ҚБ-дің патологиясымен сирек жағдайларда ғана байланысты болады. Көзге көрінетін жемсау косметикалық мәселеге айналуына байланысты, науқастар жиі эндокринологқа қаралады.


Диагностикасы
Пальпациялағанда жемсау анықталған науқастарға ҚБ көлемін анықтау мақсатында УДЗ, сонымен қатар ҚБ қызметінің бұзылысын жоққа шығару мақсатында ТТГ деңгейін анықтау тағайындалады. Қалыпты жағдайда әйел адамдарда ҚБ көлемі 18 мл-ден аспайды, ал ер адамдарда— 25 мл. Жайылмалы эутиреоидты жемсауда без екі жақ бөлігінің ұлғаюы есебінен үлкейеді, бірақ науқаста ТТГ мөлшері қалыпты болады.


3.26 кесте. Жайылмалы эутиреоидты жемсау



Этиологиясы

Жиі себебі — йод тапшылығы, сирек басқадай сыртқы ортадағы зобогенді түрткілер (флавоноидтар, тиоцианаттар)

Патогенезі

Йодтың интратиреоидты қосылыстарының тежеуші әсерінің төмендеуі нәтижесінде тіндік өсу факторлары синтезінің қарқындауы әсерінен дамитын тироциттер гиперплазиясы

Эпидемиологиясы

Таралу жиілігі йод тапшылығының айқындылығына тәуелді: жеңіл йод тапшылығы дамыған аймақтарда халықтың 5–10%-да, ауыр йод тапшылығында 100%

Басты клиникалық көрінісі

Көрініс бермейді, сирек жағдайда без көлемінің ұлғаюы нәтижесінде компрессиялы синдром болады

Диагностикасы

ҚБ пальпациясы, УДЗ-сі, ТТГ деңгейін анықтау.

Салыстырмалы диагностикасы

Аутоиммунды тиреоидит (ТПО-АД деңгейінің жоғарылауы, УДЗ мәліметтері бойынша ҚБ гипоэхогенділігі, гипотиреоз); Грейвс ауруы (тиреотоксикоз, ЭОП); зобогенді түрткілердің әсері (тиреостатиктер, литий препараттарын қабылдау)

Емі

Йод препараттары (100–200 мкг калий йодиді), левотироксин препараттарымен супрессивті терапия, калий йодидпен және левотироксинмен кешенді терапия

Болжамы

Қолайлы, көптүйінді жемсау және ҚБ-дің функционалды автономиясы дамуы мүмкін (3.9.2.2 бөлімді қараңыз).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет