Клиникалық көрінісі Біріншілік гиперальдостеронизм 1. Артериялық гипертензия, әдетте орташа ауырлықта және стандартты гипотензивті терапияға резистентті.
2. Гипокалиемия асқынулары өте сирек кездеседі: бұлшықет әлсіздігі, тырысулар, парестезиялар; ауыр гипокалиемия клиникалық полиурия және никтуриямен (гипокалиемиялық нефрогенді қантсыз диабет) көрінетін бүйректің дистрофиялық өзгерістерімен асқынады.
Екіншілік гиперальдостеронизмге спецификалық клиникалық көріністер тән емес, себебі ол көптеген аурулар мен жағдайларда дамитын компенсаторлы феномен болып табылады, бірақ БГА-ге тән электролитті бұзылыстар ешқашан ЕГА кезінде дамымайды.