Клиникалық көріністері 1. Әйелдердің 90 %-да етеккір бұзылыстары менопауза басталғанға шамамен 4 жыл бұрын көрініс береді.
2. Қызба толқындары (әйелдердің 40%-да) жиі тершеңдікпен, терінің қызаруымен ұштасып, жиі менопаузадан 5 жылдан кейін жоғалады.
3. Несеп шығару бұзылыстары (50 %) уретра мен қуық мойнының атрофиясы нәтижесінде дамып, зәрді ұстай алмаумен (жөтелгенде, күлгенде, тез жүргенде), жиі цистит және пиелонефритпен көрінеді.
4. Сексуальды бұзылыстар: либидонің төмендеуі, қынаптың құрғақтануы, диспареуния.
5. Эмоциональды бұзылыстар: тітіркенгіштік, көңіл-күйдің өзгеруі, депрессия, фобия. 6. Сүйек сынуының жоғарғы қаупімен сипатталатын остеопороз.
7. Атеросклероз асқынулары, ең алдымен-ЖИА.
8. Деменция; әйелдерде Альцгеймер ауруы ер адамдармен салыстырғанда 2–3 есе жиі дамиды және оның патогенезінің негізінде эстрогендер тапшылығы жатыр.
Диагностикасы 50 жас шамасындағы әйелдерде етеккірдің тоқтауы постменопаузаның дамуын көрсетеді. Бірқатар жағдайларда оның дамығанын гормональды зерттеулер арқылы дәлелдеуге тура келеді. Зерттеу нәтижелері ФСГ деңгейінің жоғарылап, эстрадиол деңгейінің төмендегенін көрсетеді. ФСГ деңгейінің жоғарылау дәрежесі постменопаузальды симптомдар мен асқынулардың айқындылығымен корреляцияланбайды. Егер әйелге эстрогендермен орынбасушы терапия тағайындалатын болса, келесі зерттеу шараларын жүргізген орынды: маммография, жамбас астауының УДЗ-сі, атпияға жатыр мойнынан жағынды, жүрек-қантамырлар аурулары мен тромбоэмболиялық асқынулардың даму қаупін бағалау.