ЖГБА деңгейінің жоғарылауы
|
ЖГБА деңгейінің төмендеуі
|
Андрогендер тапшылығы
Өсу гормонының тапшылығы
|
Гиперинсулинемия
Семіздік
|
Егде жас
Тиреотоксикоз
Гиперэстрогения
Бауыр циррозы
|
Акромегалия
Андрогендермен терапия
Гипотиреоз
Кушинг синдромы, глюкокортикоидтармен терапия
Нефротикалық синдром
|
Еркектік бедеулікті анықтау мақсатында мастурбация арқылы алынатын шәует (эякулят) зерттелінеді. Шәует анализі 2-күннен кем және 7-күннен аспаған жыныстық қатынастан тартынудан кейін ғана зерттеледі (6.2 кесте).
6.2 кесте. Спермограмманың қалыпты жағдайдағы көрсеткіштері
Көрсеткіштері
|
Мәні
|
Көлемі
|
2 мл немесе одан көп
|
Сперматозоидтар концентрациясы
|
20 млн/мл немесе одан да артық
|
Белсенді қозғалатын сперматозоидтар
|
> 25 %
|
Баяу қозғалатын сперматозоидтар
|
> 25 %
|
Қозғалысы нашар сперматозоидтар
|
2 %
|
Тірі сперматозоидтар
|
50 % және одан да көп
|
Лейкоциттер
|
1 млн/мл
|
Қалыпты сперматозоидтар
|
> 50 %
|
Басының қалыпты морфологиясы тән
|
> 30 %
|
Спермограмма өзгерістерінің төмендегідей түрлерін ажыратуға болады:
•олигоспермия — 2 мл-ден шәует көлемінің азаюы;
•олигозооспермия — шәуетте сперматозоидтар санының азаюы;
•азооспермия — шәуетте сперматозоидтардың болмауы;
•астенозооспермия —сперматозоидтар қозғалғыштығының төмендеуі;
•тератозооспермия — шәуетте 50 %-дан астам патологиялық сперматозоидтардың болуы;
•некрозооспермия — шәуетте 50%-дан астам өлі сперматозоидтардың болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |