Эпидемиологиясы
ҚД-1 барлық диабеттің 1,5–2 %-ын құрайды, алайда бұл салыстырмалы көрсеткіш болашақта ҚД-2 жиілігінің жоғарылауына байланысты төмендей беруі мүмкін. ҚД-1 ақ нәсілді адамдарда өмір сүру барысында даму мүмкіндігі шамамен 0,4%-ды құрайды. ҚД-1-мен сырқаттану жылына 3%-ға артады: 1,5 % — жаңа жағдайлар есебінен, ал қалған 1,5% —науқастардың өмір сүру ұзақтығының арту есебінен. ҚД-1 таралу жиілігі популяцияның этникалық құрамына тәуелді. 2000 жылы ол Африкада 0,02 %-ды, Оңтүстік Азияда, Оңтүстік және Орталық Америкада 0,1%-ды, Европа мен Солтүстік Америкада 0,2%-ды құрайды. Финляндия мен Швецияда ҚД-1-мен сырқаттану жиілігі өте жоғары (жылына 30–35 жағдай 100 мың адамға), ал ең төменгі көрсеткіш Жапония, Қытай және Кореяға тиесілі (0,5–2,0 жағдай). ҚД-1 жас шамалық шыңы 10–13 жасқа сай келеді. ҚД-1 басым жағдайда 40 жасқа дейін басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |