Эндокринология



бет281/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   435
Байланысты:
document

Клиникалық көріністері
Типті жағдайларда балалар мен жастарда ҚД-1 бірнеше аптада немесе айда дамитын айқын клиникалық көрініспен басталады. ҚД-1 манифестациясын инфекциялық және басқа да ілеспелі аурулар шақыруы мүмкін. ҚД барлық типтеріне гипергликемия әсерінен дамитын симптомдар тән: полидипсия, полиурия, терінің қышуы; бірақ ҚД-1 аталған симптомдар айқындығымен ерекшеленеді. Науқастар тәулігіне 5–10 литр сұйықтықты қабылдап, сыртқа шығаруы мүмкін. Инсулиннің абсолютті тапшылығынан дамитын ҚД-1 клиникалық симптомдарына 1–2 айда көлемінде 10–15 кг-ға дейін салмақ жоғалту жатады. Науқастарда жалпы және бұлшықеттік әлсіздік, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, ұйқышылдық көрініс береді. Сырқаттың бастапқы кезеңінде науқастарда тәбеттің жоғарылауы байқалғанымен, кетоацидоздың дамуына қарай анорексиямен ауысады. Соңғысы науқас аузынан ацетон иісінің шығуымен (жемістің иісі), жүрек айнумен, құсумен, іштегі ауыру сезімімен (псевдоперитонит), ауыр сусызданумен көрініп, коматозды жағдаймен аяқталады (7.7.1 бөлімді қараңыз). Бірқатар жағдайларда ҚД-1-мен сырқаттанған жас балалардың алғашқы клиникалық көрінісі инфекциялық немесе жедел хирургиялық патология көрінісінде үдемелі дамитын естің бұзылуынан комаға дейін ауысуымен анықталады.
Салыстырмалы сирек жағдайларда 35–40 жастан асқан ҚД-1-мен сырқаттанған науқастарда (ересектердің латентті аутоиммунды диабеті) айқын манифестация дамымауы да мүмкін (орташа полидипсия және полиурия, салмақ азаюы болмауы), оған қоса гликемия деңгейі кездейсоқ рутинді зерттеу барысында анықталады. Мұндай жағдайларда науқастарға алғашқыда ҚД-2 деген диагноз қойылып, белгілі бір уақытқа дейін ҚД компенсациясын қамтамасыз етіп отыратын таблетка түріндегі қант деңгейін төмендететін дәрілер (ТҚДТД) тағайындалады. Алайда, бірнеше жылдардан кейін (жиі бір жыл көлемінде) науқаста инсулиннің абсолютті жеткіліксізділігі әсерінен дамитын симптомдар көрініс бере бастайды: салмақтың төмендеуі, ТҚДТД көрінісінде қалыпты гликемияға қол жеткізе алмау, кетоз, кетоацидоз.


Диагностикасы
ҚД-1 айқын клиникалық көрініс тән болғандықтан, сирек кездесетіндіктен, оны диагностикалау мақсатында гликемия деңгейін скринингті анықтау көрсетілмеген. Науқас туыстарында ҚД-1-дің даму мүмкіндігі жоғары емес, оған қоса 1 типті ҚД-нің әсерлі біріншілік профилактикалық әдістері болмағандықтан, оның иммуногенетикалық маркерлерін зерттеу көзделмеген. ҚД-1 диагностикасы абсолютті инсулин тапшылығы әсерінен клиникалық көріністер дамыған науқастарда жоғары гипергликемияны анықтауға негізделеді. ҚД-1 диагностикалау мақсатында ОГТС өте сирек қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет