Эпидемиологиясы
ҚД-2 жалпы ҚД эпидемиологиясын анықтайды, себебі ол барлық қант диабеттің шамамен 98%-ын құрайды. ҚД-2 таралу жиілігі әр мемлекеттер мен этникалық топтарда түрліше ауытқиды. Европа мемлекеттерінде, АҚШ және Ресей Федерациясында ол халықтың 5–6%-да көрініс береді.
7.8 сурет. Қантты диабеттің 2 түріндегі β-жасушалардың секреторлы дисфункциясы (инсулин секрециясының 1-ші жылдам фазасының
түсіп қалуы).
7.8 сурет
Время, часы- Уақыт, сағаттар
Базальная гиперинсулинемия- Базальды гиперинсулинемия
Инсулинемия, мЕД/л- Инсулинемия, мЕД/л
Низкий пиковый уровень инсулинемии- Төмен шыңсыз инсулинемия деңгейі
Выпадение 1-й секреторной фазы-1-ші секреторлы фазаның түсіп қалуы
|
ҚД-2-мен сырқаттану жас ұлғайған сайын артады: ересектердің 10%, Батыс елдері мен Ресейде 65 жастан асқан адамдардың 20% көрініс береді. ҚД-2-мен сырқаттану Америка мен Гавай аралдарының тұрғылықты халқында 2,5 есе көбірек дамыса, ал Пима тайпасының үнділерінің 50%-да (Аризона штаты) анықталады. Үндістан, Қытай, Чили және Африканың ауылдық жерлерінде тұрып, дәстүрлі өмір салтымен өмір сүретін тұрғындарда ҚД-2 даму жиілігі өте төмен (шамамен 1%). Ал Үндістан, Қытайдан АҚШ пен Ұлыбританияға көшкен халықтың арасында ҚД-2 таралу жиілігі 12–15 %.
БДДҰ мәліметтері бойынша әлемде қант диабетімен сырқаттанғандар саны болашақта, яғни 20 жылда 122%-ды құрайтын болады (135 млн-нан 300 млн-ға дейін). Бұл халықтың үдемелі қартаюымен, адамдардың урбанизацияланған өмір салтының өршуімен, тереңдеуімен байланысты. Соңғы жылдары ҚД-2 «жасарғаны», тіпті балалар арасында жиелегені алаңдатады.
Достарыңызбен бөлісу: |