Этиологиясы
|
Тұқымқуалаушы бейімділік (бір жұмыртқалы егіздерде конкорданттылық 100 %) сыртқы орта түрткілерінің көрінісінде (семіздік, урбанизацияланған өмір сүру салты, рафинирленген майлар мен көмірсулардың тағамда шектен тыс болуы)
|
Патогенезі
|
Инсулинрезистенттілік, β-жасушалардың секреторлы дисфнкциясы (инсулин секрециясының 1-ші жылдам сатысының түсіп қалуы), бауырмен глюкозаның артық өндірілуі
|
Эпидемиологиясы
|
Жалпы популяцияның шашамен 5–6%, ересектердің 10%, Батыс елдері мен Ресейде 65 жастан асқан адамдардың 20% көрініс береді. Арнайы этникалық топтарда салыстырмалы түрде жиілігі жоғары болады (Пима үнділерінің 50%-да). Сырқаттану әрбір 15–20 жылда екі еселенеді
|
Басты клиникалық көрінісі
|
Орташа полиурия және полидипсия, метаболикалық синдром компоненттері (11.2 бөлім). 50%-дан астам жағдайларда симптомсыз өтеді. Көп жағдайларда диагностикалау барысында түрлі дәрежедегі кеш асқынулар анықталады (7.8 бөлім)
|
Диагностикасы
|
ҚД симптомдары көрініс бергенде және/немесе қауіп-қатер тобында гликемия деңгейін скринингті анықтау
|
Салыстырмалы диагностикасы
|
ҚД-1, симптоматикалық (Кушинг синдромы, акромегалия және т.б) және ҚД сирек түрлері (MODY және т.б.).
|
Емі
|
Гипокалориялы емдәм, физикалық жүктемені арттыру, науқастарды оқыту, таблетка түріндегі қант деңгейін төмендететін дәрілер (метформин, сульфонилмочевина, тиазолидиндиондар, глинидтер, α-гликозидаза ингибиторлары). Кеш асқынулардың алдын алу және емдеу (7.8 бөлім)
|
Болжамы
|
Мүгедектік пен өлім жиілігі кеш асқынулармен анықталады, әдетте макроангиопатиялық асқынулармен
|