Эндокринология



бет283/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   435
Байланысты:
document

Белгілер

ҚД-1

ҚД-2

Манифестация шыңы

12 жас

40–60 жас аралығы

Таралуы

0,2 % (Европада)



5–7% (10% 60 жастан жоғары ересектер арасында)

Этиологиясы

Ұйқыбездің β-жасушаларының аутоиммунды деструкциясы

Β-жасушалардың секреторлы дисфункциясының инсулинрезистенттілікпен ұштасуы

Клиникалық көрінісі

Арықтау, полиурия, полидипсия, кетоацидоз, кетацидоздық кома

2/3 жағдайда симптомсыз өтеді. Орташа полиурия және полидипсия, терінің, шырышты қабықтың қышуы. Жағдайлардың жартысынан көп бөлігінде диагностикалау барысында кеш асқынулар анықталады

Емі

Инсулин

Емдәм, таблетка түріндегі қант деңгейін төмендететін дәрілер, инсулин



Емі
ҚД-ң кез келген түрін емдеу үш басты қағидаға негізделеді: қант деңгейін түсіретін терапия (ҚД-1 кезінде— инсулинмен ем), емдәм және науқастарды оқыту. ҚД-1 кезінде инсулиндік терапия орынбасушы сипатқа ие және оның басты мақсаты компенсация қағидаларына жету үшін гормонның физиологиялық өнімін максимальды имитациялау, яғни физиологияға барынша ұқсастыру болып табылады (7.3 кесте). Инсулиннің физиологиялық секрециясын имитациялауға ең қолайлы қарқынды инсулиндік терапия болып табылады. Базальды секрецияға сәйкес келетін инсулин тапшылығы орташа әсерлі инсулинді екі рет егумен (таңертең және кешке) немесе ұзақ әсерлі инсулинді бір рет егумен (гларгин) қамтамасыз етіледі. Базальды инсулиннің жалпы мөлшері дәрінің тәуліктік мөлшерінің жартысынан аспауы қажет. Инсулиннің тағамдық немесе болюстік секрециясы әр тамақ қабылдау алдында қысқа немесе ультрақысқа инсулинді енгізу арқылы қамтамасыз етіледі. Ол қабылданғалы тұрған тағам құрамындағы көмірсулар мөлшеріне және әрбір егу алдында глюкометр арқылы анықталатын гликемия деңгейіне байланысты есептеледі (7.7сурет).
Күн сайын өзгеріп отыратын қарқынды инсулиндік терапияның болжалды сызбасын былайша көрсетуге болады. Инсулиннің тәуліктік мөлшері шамамен 1 кг дене салмағына 0,5–0,7 Бр тең (дене салмағы 70 кг науқастар үшін шамамен 35–50 Бр). Осы мөлшердің 1/31/2 бөлігін ұзартылған инсулин (20–25 Бр), 1/22/3 бөлігін қысқа немесе ультрақысқа инсулин құрайды. НПХ инсулинінің мөлшері 2 рет егуге бөлінеді: таңертең жалпы мөлшердің 2/3 бөлігі (12 Бр), кешке — 1/3 (8–10 Бр) бөлігі.
Инсулиндік терапияны таңдаудың бірінші кезеңінің мақсаты ашқарынға глюкоза деңгейін қалыптастыру болып табылады. НПХ инсулинінің кешкі мөлшері әдетте кешкі 22–23 сағатта, ал таңертеңгі мөлшері таңғы тағамды қабылдау алдында берілетін қысқа әсерлі инсулинмен бірге енгізіледі. НПХ инсулинінің кешкі мөлшерін таңдау барысында бірқатар феномендердің даму мүмкіндігін есекеру қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет