Қызу толқындары, телеангиэктазия, цианоз. Қызу толқындары физикалық жүктеме, алкоголь немесе ірімшік, кофе, ысталған тағамдар әсерінен дамуы мүмкін. Олар күндіз бойы немесе бірнеше минутқа ғана созылуы мүмкін және қатты тершеңдікпен сипатталады. Науқастар қызу сезіміне, тершеңдікке, жүректік қағуы мен дененің қалтырауына шағымданады. Кей науқастарда айқын сілекей мен көз жасының бөлінуі дамуы мүмкін. Осының көрінісінде айқын артериялық гипотензия, тыныстың қиындауы, диарея байқалады. Бет және дененің жоғары бөліктерінің түсі кейін тұрақты қошқыл-қызыл түске ауысып, телеангиэктазиялар дамиды (9.4 сурет). Асқазан мен бронхтардың карциноиды кезінде қызу толқындары бет және дененің жоғарғы бөліктерінің терісінде шекарасы айқын ашық-қызыл дақтардың дамуы байқалады.
9.4 сурет. Карциноидты синдроммен сырқаттанған науқастың қызу толқындары кезінде бет-әлпеті түсінің өзгеруі
Оң жақ жүректің жеткіліксіздігімен сипатталатын жүрек жарғақтарының фиброзы (науқастардың 2/3-і бөлігінде), сирек- шажырқайлық және ретроперитонеальды фиброз (ішек өтімсіздігі және несепағар обструкциясы көріністерімен).
Ішектің өсуі мен метастаз беруі (ішектік өтімсіздік, механикалық сарғаю және т.б.).
Диагностикасы Карциноидты ісіктердің басты метаболиті болып, тәуліктің несепте анықталатын серотонин метаболиті 5-ГИУСҚ табылады.Бронхтік және ішектік карциноидты диагностикалауда қорытынды шешім несепте серотонин мен гистаминді анықтаумен аяқталады.
Ісіктердің топикалық диагностикасы (9.2 бөлімді қараңыз).Карциноидты ісіктер кезінде жоғары ақпараттылыққа соматостатин рецепторларының сцинтиграфиясы ие болады.