Эндокринология


Сүйек резорбциясының маркерлері



бет356/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   435
Байланысты:
document

Сүйек резорбциясының маркерлері

Сүйек түзілуінің маркерлері

Жалпы сілтілі фосфатаза
Сүйектік сілтілі фосфатаза

Остеокальцин


І типті коллаген пропептиді (PICP)

Оскипролин (несеппен экскрециясы)
Пиридинолин (несеппен экскрециясы)
Дезоксипиридинолин
N-соңғы денепептиді



8.2.3. Аспаптық зерттеу әдістері
ҚМБ визуализациялаудың қарапайым әдісі УДЗ болып табылады, бірақ өкінішке орай УДЗ без айтарлықтай ұлғайған кезде ғана жүргізіледі. Топикалық диагностикалау мақсатында технетрилмен сцинтиграфия жүргізіледі.
Қаңқа сүйегін зерттеуге мүмкіндік беретін зерттеу әдісі рентгенография болып қала бермек, бірақ оның остеопорозды диагностикалауда сезімталдығы төмен болғандықтан, бірқатар жағдайларда остеопороз айқын сатысында анықталады (сүйек тінінің жоғалту 20–30%-ды құрағанда). Остеопороздың ерте диагностикасында сүйек денситометриясын қолданады, ол сүйек тіні массасының 2–5% жоғалуында остеопорозды анықтап, сырқаттың даму немесе емдік шаралар жүргіу барысында сүйек тінінің тығыздығын динамикалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар изотопты (моно- және екіфотонды абсорбциометрия), рентгендік (моно- және екіэнергетикалық абсорбциометрия, сандық компьютерлі томография) және ультрадыбысты зерттеу әдістерін қолдануға болады. Монофотонды, моноэнергетикалық және ультрадыбысты денситометрия арқылы қаңқаның шеткі бөліктерін (білек, балтыр, өкше сүйектерін) зерттеуге мүмкіндік береді және скрининг мен болжалды диагноз қойғанға өте ыңғайлы болып табылады. Қаңқаның кез келген бөлігінде сүйек тінінің минералды тығыздығын анықтауға мүмкіндік беретін әмбебап әдіс екіэнергетикалық рентгендік абсорбциометрия (DEXA) болып табылады. Осындай денситометрлерге арнайы бел омыртқалары, сан сүйегінің проксимальды бөлігін, иық белдеуі сүйектерін зерттеу мақсатында арнайы стандартты бағдарламалар, «барлық дене» бағдарламалары жасалынған. Сүйек тінінің абсолютті тығыздығы көрсеткіштерін анықтаумен қатар денситометрлер автоматты түрде Z-критерий (берілген жас шамасы мен жынысына сәйкес салыстырмалы орта мәнде сүйек тінінің минералды тығыздығы) мен Т-критерийді (30 жастағы шың мәндерімен сүйек тығыздығын салыстыру) анықтайды. Даму тегі белгісіз ауыр остеопениялық үрдістердің, остеопороз және остеомаляция, сонымен қатар басқа да сүйек патологиясы түрлерінің салыстырмалы диагностикасында сүйек тінінің биопсиясын жүргізу маңызды рөл атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет