Эндокринология



бет354/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   435
Байланысты:
document

8.3 сурет. Сүйектің ремоделдену циклі

Дені сау ересек адам денесінде тыныштық кезеңде трабекулярлы сүйек тінінің 80%-ы және кортикальды сүйек тінінің 95%-ы болады. Белсену фазасы сүйектің әрбір бөлігінде 2–3 жыл аралығында дамиды, яғни ол остеокласттар жолашарларының пролиферациясы және белсенуімен, мультиядролық остеокластардың резорбциялаушы ошаққа келуі және жабысуымен көрінеді. Кейін шамамен 1–3 аптаға созылатын резорбция фазасы орнайды. Бұл үрдіс органикалық емес сүйек матриксінің ыдырап, кейін органикалық бөлігінің деградацияланып, резорбция орнына сутегі иондары мен остеокласттардың лизосомальді ферменттерінің келуін қамтамасыз етеді. Ауыспалы фаза 1–2 аптаға созылады және резорбцияланған қуыста остеобласттар пайда болады. Сүйектің жаңаруы тәулігіне 2–3 мкм жылдамдықпен сүйек матриксіне остеобласттардың жиналуымен басталады және ол 5–10 күннен кейін минерализацияланады. Сүйектің түзілуі шамамен 3айға, ал сүйек жаңаруының толық циклі әрбір сүйек бөлігінде 4–8 айға дейін созылады. Жалпы сүйектің жаңаруы жыл сайын шамамен 4–10%-ды құрайды.


Орташа алғанда сүйек массасының ең жоғары шыңы 20 жаста болады, кейін салыстырмалы тепе-теңдік кезеңі орнайды (плато), ал 35–40 жастан бастап жылына 0,3–0,5 % жылдамдықпен физиологиялық сүйек массасының жоғалуы көрініс береді. Әйел адамдарда менопауза орнағаннан кейін сүйек массасын жоғалту жылдамдығы жылына 2–5%-ға жетеді және осы ырғақта 60–70 жасқа дейін жалғасады. Әйел адамдар өмір бойы шамамен кортикальды сүйек массасының 35%-ын, трабекулярлы сүйек массасының 50 %-ын жоғалтады. Ер адамдар болса шамамен кортикальды сүйек массасының 15–20%-ын, трабекулярлы сүйек массасының 20–30%-ын жоғалтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет