Кальцитриол [1,25-(OH)2-D3] паратгормоны синергисті ретінде кальций резервуарына әсер етеді. Оның әсері ең алдымен ішекте кальций сіңірілуін жоғарылату мен бүйрек шумақтарында оның реабсорбциясын күшейтуге бағытталған. Холекальциферол (D3 дәрумені) теріде (эпидермистің мальпигий қабатында) ультракүлгін сәулесі әсерінен 7-дегидрохолестеролдан түзіледі (8.2 сурет).
Кейін холекальциферол D-байланыстырушы ақуызбен байланысып, бауырға түседі. Бауырда холекальциферол 25гидроксилаза ферментінің әсерінен 25-оксихолекальциферолға (25-OH-D3) айналады және осы дәрумен D-байланыстырушы ақуызбен бірге қан айналымда жүреді. Проксимальды иірімді түтікшелерде lα-гидроксилаза әсерінен 25-оксихолекальциферол C1-жағдайында гидроксильденеді, нәтижесінде биологиялық белсенді 1,25-диоксихолекальциферолға [1,25-(OH)2-D3] айналады.